{metadescription}
 Еуразиялық одақ аясында ортақ ақпараттық кеңістік құрылмақ
 Еуразиялық одақ аясында ортақ ақпараттық кеңістік құрылмақ

Еуразиялық одақ аясында ортақ ақпараттық кеңістік құрылмақ

Мұнай мен газ  Еуразиялық одаққа ортақ!  Бүгін Астанада осы интеграциялық ұйымның басты органы – жоғарғы экономикалық кеңестің отырысы өтті. Еуразиялық бестік әлемді жайлаған дағдарыстан шығудың жоспарын құрып, стратегиялық бағдарламаларын түзді.  Жиында 5 мемлекетпен байланыс орнатқысы келетін елдердің көп екені айтылды. Алайда ұйым ішінде түйіні тарқатылмаған біраз мәселелер бар екен.

-Астана бүгін Еуразияның нағыз саяси  орталығына айналды. 5 мемлекеттің президенттері 2 жыл бұрын дәл осы мамыр айында Елордада құрылған Еуразиялық одақтың пайдасы мен тығырыққа тірелген тұстарын ашық айтты. Басқосу қожайыны ретінде  Назарбаев бірқатар әріптестерімен жеке кездесіп те үлгерді.

Солардың бірі - Ресей президенті. Владимир Путинді Нұрсұлтан Назарбаев Ақорданың алдына шығып күтіп алды. Халықаралық протоколға салсақ, бұл үлкен құрмет. Назарбаев пен Путин жеке-дара келіссөз жүргізіп жатқанда, резиденцияға Лукашенко, Саргсян, Атамбаев кіріп отырыс залына беттеп бара жатты. Кейін Еуразиялық бестік жабық есік жағдайында өзара кеңесіп, бұдан соң  Қазақстан, Ресей, Беларусь, Қырғызстан мен Армения басшылары кеңейтілген құрамда интеграциялық ұйымның 2 жылдағы  табысы мен төнген қатерлер туралы айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Әлемдік экономикадағы тұрақсыздық бәріміз үшін сынақ болып тұр. Сондықтан бірлесіп, қоян-қолтық жұмыс істеуіміз қажет. Тығырықтан шығар жолды іздеуіміз керек.

Иә, дағдарыс шатқаяқтатып жіберген сала көп. Еуроодақтың Мәскеуге салған санкциясы, мұнайдан түскен пайдаға тәуелді Ресей мен Қазақстан өсімінің баяулауы Минск, Ереван мен Бішкектегі экономикалық ахуалды қиындатып жіберді. Әсіресе, көп үміт күтілген  интеграциялық ұйымның ақсап жатқан тұстарын Лукашенко көбірек айтты.

Александр Лукашенко, Беларусь Республикасының президенті:

-Өкінішке қарай, біз жоспарлағандай алға жылжу байқалмайды. Соңғы үш жылда өзара  тауар айналымы  құлдырап кетті. Энергетика, мұнай-газға қатысты біраз  жоба  жарты жолда қалды. Шешім қабылдауда бірізділік жоқ.

Бірақ, басқалар қызуқанды Лукашенко айтқандай жағдайдың  аса қорқынышты еместігіне сенімді. Бастысы одақтастар  тауар айналымына   кедергі келтірмеуі тиіс. Яғни, келісілген саясат жүргізіп 2025 жылға қарай ортақ мұнай мен газ нарығын құруға келісті. Бұл 5 мемлекет бір-бірінен мұнайды баж салығынсыз, нарықтағы бағамен сатып алады деген сөз.  Осы жерде Путин экономикадан бөлек,ақпарат саласын бірігіп реттеуді ұсынды.

 Владимир Путин, Ресей Федерациясының президенті :

-Одақ аясында біртұтас ақпараттық кеңістік құрудың болашағы зор. Бұл үшін Еуразиялық комиссия арнайы тұжырымдама дайындап, тиімді жоба ұсынуы тиіс. Сонымен қатар 2019 жылға қарай  ортақ электр энергетикалық нарықты қалыптастыруымыз қажет.

Ортақ нарықтың не берері әзірше белгісіз.  Армения президенті саудадан көрі, таулы Қарабақты көбірек қозғаса, үнсіз қалмаған Атамбаев  қырғыз тауарының тасымалына кедергінің көптігін айтып шағынды.

Осылайша, президенттер Ақордада 4 сағат бойы ашық сөйлесті. Әлемдегі ушыққан геосаяси қырғи-қабаққа  қарамастан Еуразиялық одақ ешкімнен бөлектенгісі келмейді. Тіпті Еуропалық  одақпен  байланыс орнатып, дүниежүзіне тиімді  интеграциялық ұйым екенін дәлелдеуге әзір. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде