{metadescription}
0:000:00
Семейде балалар арбасы жол полициясының күдігін туғызды

Семейде балалар арбасы жол полициясының күдігін туғызды

Семейде ата-аналар Балаларды қорғаудың халықаралық күніне орай ерекше шара ұйымдастырды. Олар кәдімгі бала арбасын түрлі кейіпке айналдырып, орталық алаңда шеру өткізді.

Арасында жол сақшыларының көлігі және қазақтың күймесі ретінде безендірілген   арбалар жұрттың таңданысын тудырды. Шараға қатысуға 50 отбасы ниет білдірген. Кейбірі баласының арбасын қайта құрастырып шығуға екі аптаға жуық уақыт жұмсапты. Ата-аналар да өздеріне  арнайы киім тіктірген екен. «Бэтмен» мультфильмінде болған мына автокөлікті жасаудың өзі қажырлы еңбекті талап еткен көрінеді. Өйткені, оның қосалқы бөлшектерінің көбі нағыз машинадан қойылған. Атап айтқанда: шамдары, аккумляторы және магнитофон темір тұлпардан алыныпты. Ал, бұдан қазақи үлгіде жасалған күйме де қалыс қалмады.

Айым Әубәкірова, Семей қаласының тұрғыны:

-Көшпенді халық болғандықтан ханзада күймесін жасадық. Қазақпыз деп қазақша оюлармен безендірдік . Көңілімізден шықты. Осындай мейрамдар ерекше әсер қалдырады екен. Мұны күйеуім екеуіміз балаша қуана жасадық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.