{metadescription}
0:000:00
Петропавлда тұңғыш рет мөңке балығы күні атап өтілді

Петропавлда тұңғыш рет мөңке балығы күні атап өтілді

Естімеген елде көп. Петропавлда тұңғыш рет мөңке балығы күні атап өтілді. Өңірде көп тараған бұл су жәндігіне деген құрмет ерекше болуы керек деп санайды ұйымдастырушылар.  Өйткені ол дәмі мен денсаулыққа пайдасы жағынан  шетелден әкелінетін балықтан еш кем түспейтін көрінеді. Әйелдер де қалыс қалмаған балық аулау сайысын тілшіміз Гүлмира Тасболатқызы тамашалап қайтты.

Мөңке балығы мерекесін атап өту – осы өңірдегі кәсіпкерлердің бірінің ойы екен. Оның бұл ұсынысын шенеуніктермен қоса әуесқой балықшылар да қолдапты. Сайыстың шартына сай отыз балықшы үш сағат бойы қайыққа мініп, қала шетіндегі көлден мөңке аулады.

-Қызылжар өңірі өзен көлге бай. Мың көлдің мекені саналады. Ондағы ең көп тараған,  әрине , мөңке балығы. Аңызға сенсек, қиын- қыстау жылдары халық осы балықпен күнелтіп аман қалған екен

Үш сағаттан соң қайықпен жағаға келе бастаған балықшылардың  аулағандары өлшеніп, жеңімпаз да анықталды. Жеті келіден артық олжамен топ жарған петропавлдық Халық  Жаров бұл кәсіптің сырын білу керек дейді.

Халық Жаров, сайыс жеңімпазы:

-Негізі жемі құрт қой.

Сайыс соңында ауланған балықтың бәрі қайта суға жіберілді. Бір қызығы мөңке қолайсыз ортаға төзімді келеді  екен. 

Роман Ботабеков,  ҚР Спорттық балық аулау федерациясының президенті:  

-Ол ешқашан өлмейді, 10 сағатқа шейін жатады да, суға жіберсең ол тіріліп кете береді.

Мереке соңында жеңімпаздарға арнайы сыйлықтар бұйырды.  Ал үш сағатта небәрі екі балық қана аулаған  нәзік жандар да марапаттан құр қалмады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде