Семейде параға теледидар алмақ болған түрме бастығы айыппұлмен құтылды
Семейде қоныс колониясының бастығы пара ретінде алған теледидарын 15 млн қылып қайтаратын болды. Совет Салтабаевқа осынша көлемде айыппұл салған сот оны бір айдың ішінде ел қазынасына құюға міндеттеді.
Автор: Ұлан Нұрахмет
01.06.2016
Сондай-ақ, өмір бақи мемлекеттік және құқық қорғау органдарында қызмет ету құқығынан айрылды. 43 жастағы подполковник Семейдегі 156/16 түзету мекемесін басқаруға 2 жыл бұрын тағайындалыпты. Бірақ қзымет барысында асыра сілтеген басшы сотталушылардың бірінің жазасын жеңілдетіп беруге көмектеспек болады. Ақысына одан құны 300 мың теңге тұратын теледидар сұрапты. Алайда, өзі 3Д форматындағы көксандықты тамашалап үлгермеді. Ол кешке қаладағы дүкендердің бірінің алдында видеотехниканы алып жатқан жерінен құрықталған.
- Телевизор я пока спрятал, не установил его. Что он, нормальный?
- Конечно, новый телевизор! Чек же я тебе показал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!