{metadescription}
Ақтауда сұйытылған газ бағасының қымбаттауы тағы үлкен дау туғызды
Ақтауда сұйытылған газ бағасының қымбаттауы тағы үлкен дау туғызды

Ақтауда сұйытылған газ бағасының қымбаттауы тағы үлкен дау туғызды

Ақтауда жанармай бекеттері сұйытылған газ бағасын екі есе қымбаттатып жіберді. Бұған жергілікті мұнай өңдеу зауытының алып сатушыларға көгілдір отынды теңдей қып бөліп бермеуі себеп екен. Ірі газ құю бекеттерінен артылған сұйық отынды қанағат қылуға мәжбүрміз деген кәсіпкерлер пайда таппақ түгілі, қарызға кіріпті. Енді еселерін қарапайым тұтынушылардан қайтарып, газдың литрін 27 теңгенің орнына 50-ден саудалап жатыр.

Ақтаулық жүргізушілер таң атқалы айран-асыр. Қаладағы кейбір жанар-жағармай құю бекеттеріндегі сұйық газдың бағасы бір күннің ішінде шарықтап шыға келді. Күні кеше литрі 27 теңгеден сатылған оның литрі қазір 50 теңгеге бір-ақ шарықтады.

Орақ Нұрдоспаев, көлік жүргізушісі:

-Қымбат. Қымбат болса да қайтейін, халық кұйып жатқан соң біз де құйып жатырмыз.

Ал жергілікті билік бұл мәселені өзінше шешуге тырысуда. Көршілес Атыраудан сұйық отын алдырта бастапты. Бірақ мұнымен мәселе шешіліп жатқан жоқ. Кәсіпкерлер болса, Жаңаөзен мұнай өңдеу зауыты газды жеткілікті қып бермесе, бағаны түсірмейміз деп отыр. Әйтпесе, 200-ге жуық жеке кәсіпкердің қып-қызыл шығынға бататын түрі бар.

Тағанияз Бұханов, кәсіпкер:

-Біз 2-3 айдан бері сату мүмкіндігімізден кем алғанмен де, бағаны ұстап тұрдық. Сосын бізді нарықтан шығаруға айналды.  Бұл жерде біздің ойымызша, жеке кәсіпкерлерді түгел нарықтан шығарып, газ  өнімдеріне беру саясаты бар сияқты. Сондықтан да, біз амалсыздан бағаны  көтеріп отырмыз.

Кәсіпкерлердің бұл әрекетінен биліктегілер де хабарсыз болып шықты. Бірақ бағаның не себепті аяқ асты өзгергенін анықтап, шара қолдануға уәде етті.

Нұржан Қаржаубай, Мұнайлы аудандық кәсіпкерлік бөлімінің басшысы:

-Маған шопырлар хабарласып , газдың бағасы көтерілгені жөнінде айтты.  Осының алдын-алу мақсатында, газдың бағасы тұрақты 27-ден асырмау керек, бұны бір мәселесін қараймыз.

Өзара келісіп, бағаны қолдан көтеріп отырған жеке кәсіпкерлердің бұл әрекетін енді монополияға қарсы департамент те тексермекші.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде