{metadescription}
Балаларды интернетке жолатпау туралы депутаттардың ұсынысын сарапшылар ақылға қонымсыз деп атады
Балаларды интернетке жолатпау туралы депутаттардың ұсынысын сарапшылар ақылға қонымсыз деп атады

Балаларды интернетке жолатпау туралы депутаттардың ұсынысын сарапшылар ақылға қонымсыз деп атады

Елімізде 16 жасқа толмаған балалардың интернетке кіруіне заңмен  тыйым салынуы мүмкін. Бүгін осындай бастама көтерген депутаттар бірде-бір жеткіншек ата-анасының рұқсатынсыз  ғаламтордан жеке парақша ашпауы тиіс деп отыр. Өйткені интернетте суицидті ашық жазатын сайттар мен жат ағымды насихаттаушылар  көбейген. Баланың болашағына алаңдаудан туған бастама жайында Жәудір Оразхан әңгімелейді.

1-ші маусым болғандықтан шығар, депутаттар бүгін  балалардың өміріне қатты алаңдады. Әсіресе, күні-түні интернеттен бас көтермейтін жеткіншектер халық қалаулыларын шошытып отыр. Бұған қаралы статистика себеп. Өйткені Қазақстан өзіне-өзі қол салған балалардың саны  бойынша әлемде үшінші орыннан түспей келеді.

Кеңес Абсатиров, Мәжіліс депутаты:

-Жастар  көбіне әлеуметтік желілердегі суицид туралы ақпараттарды оқып алып, өзіне қол жұмсайды. Мәселен, былтыр интернеттегі өлімді насихаттайтын парақшаларға 2 мыңға жуық жасөспірім тіркеліпті. Бұл өте қорқынышты. 

Балалардың болашағына алаңдаған депутаттар заңға дереу өзгеріс енгізіп, интернетке шектеу қоюды ұсынып отыр. Егер ұсыныс қолдау тапса, 16 жасқа толмағандар ғаламторға тек ата-анасының рұқсатымен кіруі тиіс.

«В контактіде» кейде сөйлесеміз, сосын whatsapp  бар. Фейзбукке мен әлі кірмеймін.

9 жастағы Нұрай күніне екі сағат интернет қарайды екен. 3-сыныптың оқушысы көбіне мектептегі достарымен сөйлеседі және түрлі видеолар  көреді. Анасы Нұрайды күнде қадағалауға тырысатынын айтады. Бірақ қызының әр қадамын аңдып отыру мүмкін еместігін де мойындап отыр.

Қарлығаш Бөргекова, Астана қаласының тұрғыны:

-Балалар қазір ақылды. Өздерінің не істегендерін өшіріп отырады артынан. Ата-анасына көрсеткісі келмейді. Өткенде ата-аналар:» біздің балалар  күмәнді парақшаларда отыр»  деген ақпарат келді.«От Феясы» деген парақша.  Кішкентай балаларға ақыл-кеңес ретінде берілген. Бәрі жарықты сөндіргенде, сен жай ғана бар, плитаны жақ. Таңертең тұрғанда сен «от Феясы» боласың деп айтылған.

Бұдан бөлек, ұл-қыздың жүйке-жүйесін бұзатын видеоны айтпағанда,

жат ағымды насихаттаушылар да көп.

Елена Лосева, психолог:

-Желідегі видеолардың арбауына  әсіресе қиындықпен күресе алмайтын, ата-анасы көңіл бөлмейтін, жоқ-жітік шаңырақтан шыққан балалар тез түсіп қалады. Олар интернеттен қолдау іздейді. Сондықтан үлкендер үнемі бақылап отыру  керек.

Алайда жұмыстан  қолы босамайтын ата-ананың  күні-түні баласына бас-көз болуға  шамасы жоқ. Сондықтан қазір әріп танитын әр баланың әлеуметтік желіде жеке парақшасы бар.  Десек те,психологтар ұл-қызды ғаламторға  мүлдем жолатпау мүмкін емес дейді. Ол үшін алдымен оқушылардың интернетке қосылған  ұялы телефон ұстауына заңмен тыйым салу қажет екен. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.