{metadescription}
0:000:00
Бауыржан Байбек кооператив төрағаларымен сөзге келді

Бауыржан Байбек кооператив төрағаларымен сөзге келді

Бауыржан Байбек тәртіпке бағынбайтындармен басқаша сөйлеспек! Алматы әкімі жұмысына немқұрайлы қарайтын пәтер иелері кооперативтері басшыларына осылай шүйлікті. Тіпті, дәл жиынның үстінде бірқатарын сыбап та алды.

-А где вы живете?

поселке.

-В каком поселке?

-Новоалексеевке.

-Вот видимо в поселке у вас так, поселек и город вы не путайте.

-Вроде бы у нас нормально работает.

-Но эти фотографии откуда, с вашего двора или не с вашего? Видите, не узнаете. В поселке живете. Переезжайте туда и живите там.

Қала басшысының алдында қалтырап тұрған пәтер иелері кооперативінің төрағасы өзі қызмет көрсететін үйдің ауласын танымай қалды. Әкімнің айтуынша, ауласы мен кіреберісі қоқысқа толған мұндай үйлер қалада аз емес. Бір жылда қала әкімдігіне пәтер иелері кооперативіне қатысты 9 мың шағым түскен. Ал бұл мекемелер үйлерді жөндеуге деп ай сайын қала тұрғындарынан 11 миллиард теңге жинап алады екен. Бірақ осынша қаражаттың қалай жұмсалып жатқаны белгісіз. Өйткені, қаладағы кооператив төрағаларының жартысы тұрғындар алдында есеп бермейді. Енді әкім ісіне салғырт қарайтын кооперативтерге бақылаудың күшейетінін айтты.

Бауыржан Байбек, Алматы қаласының әкімі:

-Атап өтілген ПИК-тер бойынша бір айдың ішінде жағдайды қалыпқа келтіруді тапсырамын. Егер әкімдікке құлақ аспайтын болса, онда олармен басқаша сөйлесетін боламыз. Жалпы, бұл саланы бір жүйеге келтіріп, қажет болса, заңға өзгерістер енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлейтін боламыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде