Алматыдағы оқиға елдің есіне «Бесобаны» қайта түсірді
Ал осыдан төрт жыл бұрын Қарағандыда болған сұмдық жағдай әлі жұрттың есінен кете қойған жоқ. Онда «Бесоба» тұрғынүй кешеніндегі бес қабатты үй әп-сәтте жермен-жексен болған еді.
Автор: Диас Нұрақын
02.06.2016
Құдай сақтап, адам өлімі болған жоқ. Себебі үлескерлердің қаржысына салынған апатты үйдегі тұрғындар алдын ала қауіпсіз жерге көшірілді. Кейін арнайы құрылған комиссия құрылыстың сапасыз салынғанын анықтаған болатын. Яғни бес қабатты үйдің іргетасы дұрыс қаланбаған. Осы жағдайға кінәлі деп бес шенеунік сотталды. Ал үйді салған компания басшысы әлі күнге дейін ұстатпай жүрген көрінеді. Қалай десек те, атышулы Бесоба оқиғасы жергілікті биліктер мен құрылыс компанияларына әлі сабақ болмаған сыңайлы.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!