{metadescription}
Ақтауда Ұлттық қауіпсіздік департаментінің 3 қызметкері сотталды
Олар күдіктіні бір тәулік бойы пәтерде электрошокермен қинап, 3 млн теңге бопсаламақ болған. Есірткі саудасымен айналысқаны үшін қолға түскен азаматты олар осы сомаға қылмыстық жауапкершіліктен босатуға уәде еткен. Алайда өздері абақтыға аттанды. Екеуі 7, біреуі 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Сондай-ақ, олардың бүкіл мүлкі тәркіленіп, өмірлерінің соңына дейін құқық қорғау органдарында қызмет етуге тиым салынды.
Автор: Әйгерім Асқарқызы
03.06.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!