{metadescription}
0:000:00
Оңтүстікте кішкентай сәбиді аяғынан айырған жүргізуші түрмеге қамалды

Оңтүстікте кішкентай сәбиді аяғынан айырған жүргізуші түрмеге қамалды

Оңтүстік Қазақстанда бір сәбиді мүгедек қылған жүргізуші мен көлік иесі сотталды. Машинаның қожайыны –Нұрболат Әтеев 2 жыл қоныс колониясына жіберілсе, тізгінде болған Нұрсейіт Артықов 5 жылға жалпы тәртіптегі абақтыға қамалды.

Жантүршігерлік оқиға 26-шы ақпанда Шұбарсу ауылында болған. Күні бойы тойлатып, екеуі де мас болғанымен Артықов досының «Фольксваген» көлігін өзі жүргізіпті. Жолда басқалармен жарысамыз деп жылдамдықты асырған олар көше жиегімен өтіп бара жатқан бір топ баланы қағып өтіп, үйдің қабырғасына соғып қана тоқтаған. Соның салдарынан бірнеше бүлдіршін жарақат алса, Мәлік есімді 1 жарым жасар сәби бір аяғынан айырылды. Кінәлілер жазаланғанымен, мүгедек боп қалған баланың туыстары 50 мың долларлық протезге қаржы таба алмай, жұрттан көмек сұрауда.

Ләззат Жаханшиева, жәбірленуші:

-Бұл өте қымбат протез деп жатыр. Шетелден алдырасыздар деді.. Ол өте қымбат болып тұр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде