Оңтүстік Қазақстанда бала сатқан дәрігерлердің былығы әшкереленді
Оңтүстік Қазақстанда прокурорлар алғаш рет бала сатқан дәрігерлердің ісі туралы айтып берді. Сұмдық жәйтті бір жылдан бері тергеп-тексерген олар нәресте сатумен айналысқан 6 әйелді анықтаған. Қазір олардың екеуі 5 жылдан арқаласа, тағы төртеуінің соты жүріп жатыр.
Автор: Бек Әбиев
03.06.2016
Жаңа туған шақалақтар 2010-2013 жылдар аралығында Шымкенттегі №1 перинаталдық орталықтан саудаланып отырған. Зейнеткер әйел мен тағы бір жұмыссыз тұрғын алдын-ала нәрестесінен бас тартқысы келіп жүрген келіншектермен сөйлесіп, бөлім меңгерушісі мен акушер-гинекологқа мәлімет береді. Дәрігерлер жас аналарды перзентханаға жалған құжатттармен қабылдап босандырған. Ары қарай АХАЖ бөліміндегі сыбайластары арқылы нәрестені асырап алушыларға рәсімдеп отырған. Қазір 6 әйелдің 21 баланы сатып жібергені дәлелденді. Бала асырап алушылар Оңтүстіктің бірнеше ауданынан бөлек көршілес Жамбыл, Қызылорда, тіпті Астана мен Алматыдан да табылып отыр.
Нұрлан Көлбаев, ОҚО арнайы прокурорлар басқармасының аға прокуроры:
-2010 жылдан бастап 2013 жылға дейін жүргізілген ғой осы асырап алу мәселелері. Ол балдардың 80-90 пайызы ауру шынын айту керек. Өте ауыр хәлде босанған. Босанудың алдында да қыздар жөнді қаралмаған. Сол себепті балалар ауру.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!