Алматыда жантүршігерлік қылмыс жасағандар сотталды
Ішімдік ішіп, артынан сөзге келген қыз-келіншектер соңында бір-бірін аяусыз өлтіруге дейін барған. Тіпті мәйітті бөлшектеп, қаладан сыртқары жерге апарып көміп тастапты. Қанды оқиға сәуір айының аяғында болған. Ксения Борзенкова өз пәтерінде екі құрбысымен арақ ішіпті. Кейін кикілжің туып, екі қыз жабылып үшіншісін буындырып өлтірген. Мұнымен қоймай, тағы бір танысын шақыртып мәйітті асықпай мүшелеген. Бүгін Алматының ауданаралық соты азаптап адам өлтірген сол екі қызға 16 жыл, ал мәйітті көмуге көмектескен Игорь Душанцқа 2 жыл жаза кесті.
Автор: Ербол Тұрымбет
07.06.2016
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!