Талдықорғанда Седов Ильинді мазақ қылды
Илья Ильинді мазақ қылды! Талдықорғанда ауыр атлетикадан өтіп жатқан ел біріншілігінде Владимир Седов әріптесін жерге қаратты. Ол Ресей спортшысы бейнеленген жейдені лақтырып, Александр Ивановты «нағыз олимпиада чемпионы» деп айғайлады. Айта кетсек, Иванов Лондон Олимпиадасында Ильиннен жеңіліп қалған болатын. Қазір біздің чемпионның басы допингке қатысты дауға қалып жатыр. Егер Ильиннің қанынан рұқсат етілмеген дәрі расымен табылса, Лондонның алтыны осы Седов сойылын соғып жүрген Ивановқа бұйыруы мүмкін.
Автор: Досжан Маратұлы
07.06.2016
Талдықорғанда өткен жарысқа Владимир Седов зілтемір көтеру үшін емес, онсызда басы дауға қалған Ильинді мазақ етуге келгендей. Өйткені, тікелей эфирде өтіп жатқан ел біріншілігінде нағыз чемпион Ильин емес, ресейлік Иванов деп айқайлап шу шығарды.
Седовтың бұлайша ашулануына «жейдені шеш» деген төрешінің ескертуі себеп болыпты. Өйткені, онымен зілтемір көтеруге болмайды. Бұдан кейін Седов үстіндегі жейдесін шешіп, көрермендерге қарай лақтырып, жарысқа қатысудан бас тартқан.
Сөйтсек, Иванов 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында Ильинмен бір салмақта өнер көрсетіп,күмісті олжалаған екен. Ильяның басына іс түскенде, Седовтың ресейлік зілтемірші нағыз «олиипиада чемпионы» деп айғайлауы барып тұрған арандатушылық. Ал Ильиннің өзі бұл жарысқа қатысқан жоқ.
Себебі халықаралық қауымдастық Зульфия Чиншанло екеуінің қанынан допинг табылды деп мәлімдеме жасаған болатын.
Арыстанбек Мұхамедиұлы, ҚР Мәдениет және спорт министрі:
-Мынадай спортшының фамилиясы деген нақты мәліметтер жоқ болды. Он күннің ішінде мәлім болады. Нақты қателіктері болса, сонда ғана біз сіздерге айта аламыз.
Ал үлкен спортпен қоштасқан Седов, Жасұлан Қыдырбаев допингпен ұсталған соң ұлттық құрамаға қайта оралған болатын. Бірақ, шыға сала Қазақстан атын әлемге танытқан Ильинге буынсыз жерден пышақ ұруы түсініксіз боп қалды. Ал Олимпиада чемпионы ондай арандатуға жауап берген жоқ. Риоға әзірлікті бастап кеткен.
Елжас Болтаев, И.Ильиннің жеке бапкері:
-Біз әрине, алаңдаудамыз. Уайымдап отырмыз. Ильяның өмірінде мұндай болған емес. Қазір бәріміз алаңдаулымыз. Енді күтудеміз. Құдай сақтасын.
Ауыр атлеттеріміздің басы бұған дейін де талай рет дауға қалған. Әсіресе, Жасұлан Қадырбаев пен Алмас Өтешовтың қандарынан допинг ізі табылып Риода өтетін додадан шететілгені белгілі.
-Ал, Илья Ильиннің Рио олимпиадасына бару бармауы жақында шешіледі. Қазір Швейцарияның Лозанна қаласында спортшыларымыздың сынамалары тексеріліп жатыр. Ұлттық олимпиада комитетінің өкілдері де сол жақта жүр. Егер Ильиннің қанынан допинг табылса , ол да жарыстан аластатылып, алтын медалінен айырылуы мүмкін. Сол кезде Седов сойылын соғып жүрген ресейлік Ивановқа Лондонның алтыны бұйырып қалуы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!