Ақтөбе халқы жантүршігерлік терактіден кейін ес жия бастады
Қалада интернет қосылып, дүкен, базар, ірі сауда орталықтары мен балабақшалар жұмысына кірісті.
Автор: Ербол Сейілхан
07.06.2016
Екі күн бойы тым-тырыс жатқан Ақтөбенің көшелеріне де қайта жан біткендей. Сиреп қалған көліктердің саны артқан. Халықты шошытқысы келмеді ме, әйтеуір орталықта қару асынған полицейлердің қарасы көрінбейді. Бірақ вокзал, әуежай, су қоймалары мен қала сыртына шығатын жолдардан қарулы күзет алынған жоқ. Оның үстіне Ақтөбеде террорлық қауіптің ең жоғарғы түрі «қызыл түс» енгізілген болатын. Бұл лаңкестік қауіптің сейілмегенін, жұрттан аса сақ болуды талап ететін белгі. Айтпақшы, бүгін содырлардың сойқанынан кейін бір күнге кейінге шегерілген Ұлттық біріңғай тест те өтті. Сынақты бақылап, түлектерге қолдау көрсету үшін Астанадан Білім министрі ұшып келіп, процесті бастан-аяқ жеке өзі қадағалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!