Астанада классика кеші дүркіреп өтті
Түрлі бағыттағы музыка бір арнаға тоғысқан күн! Осымен елімізде бесінші рет өтіп жатқан «Астана кештері» фестивалі аяқталды.
Автор: Сабина Мәдиқызы
08.06.2016
«Дегдар» қайырымдылық қоры мен «Джи-Ти-Ай» компаниясы өткізген соңғы концерт этно-джаз кешіне арналды. Биылғы фестивальдің жабылу сәтінде сахнаның шырайын отандық «The Magic of nomads» пен арнайы Әзірбайжаннан шақырылған «JANGI» топтары келтірді. Қос елдің өнерпаздары концерттің басынан соңына дейін сахнаның екі жағына жайғасып, өнер көрсетті. Олар кезекпен-кезек этно-джаз стиліндегі түрлі әндерді шырқап, осында жиналған астаналықтарды тамсандырды.
Миржавад Жаваров; Әзірбайжанның Еңбек сіңірген артисі:
-Біз қазақстандық топтың репертуарындағы барлық әндерді тыңдадық. Солардың ішінен халық әні «Япыр-айды» орындаймыз деп шештік. Алайда бір өзгешелігі біз бұны мүлдем басқаша оранжировкамен айтамыз. Көрерменге сонысымен қызықты болады деп ойлаймын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!