Алматыда танымал кәуапхана қиратылды
Алматыдағы заңсыз салынған дәмханаларды жаппай қирату ісі жалғасып жатыр. Бүгін сот орындаушылары жол жиегінде орналасқан тағы бір кәуәпхананы тас-талқан етті. Себебі нысан еш рұқсатсыз салынған. Ал оны бұзу туралы бір жыл бұрын ескерту жасалса да, қожайын құлақ аспапты. Сондықтан заңсыз құрылыс арнайы техниканың көмегімен жермен-жексен етілді.
Автор: Диас Нұрақын
08.06.2016
Яссауи көшесінің бойындағы кәуәпхананы даяшылар таң атқалы бері талқандай бастады. Себебі, рұқсатсыз салынған нысанды бүгін сот орындаушылары бұзуға келген еді. Осыдан кейін дәмхана қожайыны дереу бар жұмысшысын жинап, нысанды өз бетімен бұзып алуға кіріскен. Ал бір жыл бұрын шығарылған сот шешіміне неліктен құлақ аспай келгенін былайша түсіндіруде.
Бір жыл бойы былқ етпестен кәсібін домалатқан азамат тағы екі күн рұқсат сұраған. Осы аралықта дәмхана қожайыны кәуәпхананы басқа жерге көшірмекші. Алайда кәсіпкердің сөзіне сенуден қалған сот орындаушылары нысанды әп-сәтте жермен-жексен етті.
Жол жиегіндегі кәуәпхананы салуға кәсіпкер бір миллион теңге жұмсаған екен. Алайда нысан трактордың табанында тапталып, қыруар қаржы желге ұшты. Бұдан бөлек дәмхана аумағындағы өзге де заңсыз құрылыстар қиратылды.
Рақым Орынбаев, сот орындаушысы:
-Алдын ала ескертілген. Былтыр да, биыл да ескерттік. Өз еркіңізбен бұзыңыз деп. Бірақ ол ешқандай шара қолданып жатқан жоқ.
Осыған дейін кәсіпкерлердің көңіліне қарап келген сот орындаушылары енді ешкімге аяушылық болмайтынын айтып отыр. Яғни алдағы уақытта қала аумағындағы заңсыз салынған тағы сегіз нысан дәл осылай талқандалмақ.
-Жермен-жексен болған кәуәпхана, дәретхана тіпті мына қоршау да мемлекеттік жерге салынған. Яғни дәмхана қожайыны жол жиегіндегі төрт метр жерді өз бетінше басып алып, қалағанынша құрылыс жүргізіпті. Сондықтан негізгі нысандар бүгін қиратылды. Ал алдағы уақытта кәсіпкер қалған кемшіліктерді өз бетінше қалпына келтіруі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!