Алматыға тасқын жүру қаупі төнді
Алматыға тасқын жүру қаупі төнді! Аптап ыстыққа байланысты таудағы қар еріп жатыр.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
08.06.2016
Тау өзендеріндегі су деңгейі де көтерілген. Ақ ұлпаның еруіне байланысты су да лайланып жатыр. Биыл тауда қар ерекше көп. Бұған сәуір мен мамырда толассыз жауған жауын-шашын себеп дейді мамандар. Төтенше жағдай қызметкерлері табиғат апатының алдын-алу үшін білек сыбана жұмыс істеуде. Айта кетсек, қалада күн райының қатты ысуына байланысты ескерту жасалған. Аптап ыстық маусымның 13-іне дейін сақталады дейді синоптиктер. Ал жоғарыдағы көлдер әзірге мұз болып қатып тұр екен.
Ринат Әміржанов, «Қазселденқорғау» ММ Алматы аймақтық пайдалану басқармасының бастығы:
- Морендық көлдерде қазіргі уақытта мұз қатып жатыр. Олардың қазір көтерілу деңгейі байқалмайды. Біз кеше ғана аэробақылау жұмыстарын атқарып келдік.Осы көлдердің қауіпсіздігін реттеуге жұмыс істеп жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!