{metadescription}
0:000:00
Мәжіліс Жер туралы заңды қайта қарауға кірісті

Мәжіліс Жер туралы заңды қайта қарауға кірісті

Депутаттар даулы кодекстегі жерді сату мен жалға беруге рұқсат етілген норманы асықпай тағы талқыламақ. 

Сапархан Омаров, Мәжіліс депутаты:

-Азаматтығы жоқ адамдарға, шетелдік заңды тұлғаларға, сонымен қатар шетелдіктерде жарғылық капиталы бар заңды тұлғаларға, олардың 50 пайызы шетелдік заңды тұлғаларға жерді беруге байланысты нормалар өз жұмысын тоқтатады. Ауыл шаруашылығына арналған мемлекеттік меншіктегі жерлерді жеке меншікке беру нормалары да тоқтатылады. 

Осылайша, 1 шілдеден күшіне енуі тиіс заң кері қайтарылып отыр. Бұл құжат бойынша, ауыл шаруашылық жерлері шетелдіктерге 25 жылға жалға беру, ал Қазақстан азаматтарына аукцион арқылы сату жоспарланған болатын. Бірақ жаппай қарсылықтан кейін президент Жер туралы заңға жыл соңына дейін мораторий жариялады. Қазір түйткілді шешу үшін қоғам белсенділері, үкімет мүшелері мен депутаттардан құралған Республикалық жер реформасы жөніндегі комиссия жұмыс істеп жатыр. Енді депуттар заңды қайта  қарағанда осы комиссияның ұсынысын да ескеруі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.