{metadescription}
0:000:00
Ақтөбеліктер жарақат алғандарға қан тапсыру үшін жаппай кезекке тұруда

Ақтөбеліктер жарақат алғандарға қан тапсыру үшін жаппай кезекке тұруда

Ақтөбеде лаңкестік оқиға кезінде жарақат алған төрт адам ауыр хәлде жатыр. Реанимация бөлімінде жатқан тағы 5 адамның беті бері қараған. Оларды арнайы дем алу аппаратынан ажыратыпты.

Ауруханада қазір жалпы саны 19 адам ем қабылдауда. Олардың 4-уі содырлар. Алғашқы күндері жараланғандарға қан көп керек болған. Дегенмен, қан орталығындағылар қордағы барын дер уақытында жеткізіпті. Қазір енді оның орнын донорлар толтырып жатыр. Көпшілік лаңкестермен атыс кезінде жараланған әскерилер мен тәртіп сақшыларына қан тапсырып, қолдау білдіруді жөн санаған. Бүгін орталықта таңнан бері кезекте тұрғандар жетерлік. Тіпті жұмыстарынан сұранып келгендер де бар.

Жанболат Тұртаев, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- 1-ші топ қаны керек дегесін  ерте келдім. Бірақ ерте келгеннің өзінде Ақтөбе халқына риза болатыным өте көп адам жиналған екен. Бәріміз кезекке тұрып, айқайласпай қан тапсырып жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде