Қашқында жүрген содырдың бірін ақтөбеліктер көше ортасынан көргенін айтты
Ақтөбедегі қырғыннан кейін іздеуде жүрген 7 содырдың бірі бүгін қолға түсті. Тәртіп сақшылары оны облыс орталығынан 110 шақырым жердегі Қобда ауылында ұстаған. Қалған алты қылмыскер әлі іздестіріліп жатыр. Жалпы осы террорлық шабуыл кесірінен 20 адам өлген. Оның үшеуі әскери, төртеуі бейбіт тұрғын, қалғаны содырлар.
Автор: Жаңалық Ахаш
08.06.2016
Қазір Ақтөбе облысында өңірде бақылау күшейген. Көшедегі көліктер жаппай тексерілуде. Әсіресе, ақ түсті көліктер назарда. Сезік тудырған жүргізушілер мен жолаушылар бірден полиция бөлімшелеріне жеткізілуде. Өйткені бүгін таңертең қала шетіндегі балалар лагерінің күзетшісіне белгісіз топ оқ атқан деген ақпарат тараған болатын. Алайда бұл жалған хабар боп шықты. Дегенмен, «Ақбөбек» балалар орталығы қоршауға алынған. Өйткені бірнеше тұрғын іздеуде жүрген Дмитрий Таңатаровты осы маңнан көргенін айтып, құзырлы органдарға хабар беріпті.
Юлия Минина, Ақтөбе қаласының тұрғыны:
-Таңатаровты көргенім рас. Менің есте сақтау қабілетім мықты. Бірден тәртіп сақшыларына хабар бердім. Менен басқа да адамдар оны көргенін айтып түсініктеме жазыпты.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!