{metadescription}
Ақтөбеде лаңкестер атып өлтірген күзетші жазда үйленбек болған
Ақтөбеде лаңкестер атып өлтірген күзетші жазда үйленбек болған

Ақтөбеде лаңкестер атып өлтірген күзетші жазда үйленбек болған

Лаңкестер қолынан қаза тапқан 4 ақтөбеліктің отбасыларының әрқайсысына 5 миллион теңгеден көмек берілетін болды. Бұған дейін жергілікті билік тек бір миллион туралы сөз қылған. Дегенмен, ешқандай сома қазаның орнын толтырмасы анық. Бүгін содырлар қолынан қаза тапқан күзет қызметкері Мерхан Тәжібаевтың алғашқы жұмалық садақасын берді.

Ақзира Тәжібаева, марқұмның әпкесі:

-Көрер қызығын қара жер көретін болды. Тыныштық заманда не масқара бұл? Аштықтан болды ма? Неге сыйыспай жүр, не жетпей жүр бұл қазақтың балаларына бірін бірі қырып?

Оқиға болған күні 33 жастағы Мерхан әріптесінің орнына жұмысқа шыққан екен. Әкесіне жарты сағаттан соң түстік асқа келемін деп кеткеннен оралмапты. Ол қару сататын дүкенге дабыл қоңырауы түскенде бірінші боп жеткен. Көліктен түскен бойда содырлар оны басынан атады. Анасынан ерте жетім қалған Мерхан Тәжібаев биыл жазда үйге келін әкелетінін айтып, жақындарын қуантыпты. Қара жамылған отбасы ол арманы орындалмаса да, ел тыныштығы үшін опат болғанына жұбанып отыр.

Есенбай Тәжібаев, марқұмның әкесі:

-«Айналайын» деймін де қоямын қазір. Басқа неғыл дейін? Енді бұл бала өзі үшін емес халқы үшін ерлік жасады деп ойлаймын. Ерлік жасады. Бірінші оққа ұшты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде