{metadescription}
Ақтөбеде бүлік шығарған содырлардың қайда тығылғаны белгісіз
Ақтөбеде бүлік шығарған содырлардың қайда тығылғаны белгісіз

Ақтөбеде бүлік шығарған содырлардың қайда тығылғаны белгісіз

Ал қашып жүрген 6 лаңкес әлі ұсталмады. Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен полиция содырларға қарсы арнайы операциясын тоқтатқан жоқ.

Алмас Сәдубаев, ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі:

-Қазіргі уақытта Ақтөбе қаласындағы жағдай тұрақты, толықтай бақылауда. Құқық қорғау органдары қала аумағында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде.

Бірақ, қаладағы дүрбелең басылғанымен қауіпсіздік шаралары күшейтілген тәртіпте. Айта кетсек, қанды оқиға кезінде лаңкестердің қолынан 4 бейбіт тұрғын мен 3 әскери қаза тапты. 13 террористің көзі жойылды.  Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі жарақат алғандардың санын нақтылап, ауруханаға 49 адамның жеткізілгенін айтты. Олардың 12-сі оқиға орнында көз жұмса, біреуі операция үстеліне жетпей ажал құшты. Қазіргі уақытта жеңіл жарақатанғандар тегіс үйлеріне жіберілген. Алайда, дәрігерлер екі адамды аман алып қала алмапты. Облыстық ауруханада бірнеше лаңкес  те жатыр.

Тамара Дүйсенова, ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі:

-Қазір 17  адам ауруханада ем қабылдап жатыр.   Төрт азаматтың беті бері қарайтын емес, жағдайлары қиын. Жараланған науқастарды Ұлттық хирургия орталығындағы білікті хирургтер жіті бақылауда ұстап отыр. Жергілікті дәрігерлерге де алғыс білдіремін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде