Ақтөбеде террорист Таңатаровтың ағасы інісіне полицияға берілуін сұрады
Ақтөбеде іздеуде жүрген содырлардың біріне бауыры әлеуметтік желі арқылы үндеу жолдады. Бейнероликте Дмитрий Таңатаровқа ағасы Владимир інісіне қаруын тастап, өз еркімен тәртіп сақшыларына берілуін сұрайды.
Автор: Жаңалық Ахаш
09.06.2016
-Прошу тебя, пожалуйста, покайся и сдайся. Откажись от оружия, брось его. И тех, кто с тобой рядом - попроси их бросить оружие. Покайтесь и сдайтесь"
Владимирдің өзі қазір тарихи отаны – Татарстанда тұрады екен. Жалпы іздеуде жүргендердің жақындарының бұлай ашық өтініш білдіруі бірінші рет. Өйткені көбісі лаңкестік оқиғаға байланысты жақ ашпай отыр. Ал Дмитрийдің отбасы бұлай жалынғанымен, бауырлары теріс ағымға қосылғалы одан бас тартқан екен. Таңатаровтың қайынжұрты да оны жақында сотқа беріпті. Өйткені содыр келіншегіне жәбір көрсетіп, екі айлық ұлын ұрлап кеткен. Бүлдіршінді кейін басқа біреулердің үйінен тауып алған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!