{metadescription}
Ақтөбеде әскери бөлімге автобуспен басып кірген жүргізуші лаңкестерге қалай ұсталғанын айтты
Ақтөбеде әскери бөлімге автобуспен басып кірген жүргізуші лаңкестерге қалай ұсталғанын айтты

Ақтөбеде әскери бөлімге автобуспен басып кірген жүргізуші лаңкестерге қалай ұсталғанын айтты

Ал содырлар басып алған автобустың жүргізушісі Қобда ауданындағы ауруханада ем алып жатыр. Мұрат Есекенов басынан алған жарақаттан миы шайқалып, психологиялық күйзеліске түскен. Сол күнгі оқиға есіне түссе басы айналып, түн ұйқысы бөлінеді.

Содырлар шабуыл жасайтын күні автобусының моторы қызып, күнделікті бағытын өзгертуге тура келген екен. Жанында келіншегі кондуктор болып отырыпты. Жексенбі күні жолаушылар да аз болғанын айтады. Көлігіне қару асынған топ кіріп келгенде жүргізуші шошып кеткен. Қашып шығуға белдігі кедергі келтіріпті. Содырлардың бұйрығымен Есет батыр көшесін бойлай жүріп әскери бөлімнің қақпасын қирата кірген. Тек атыс басталған кезде қашып үлгердім дейді. 

Мұрат Есекенов, автобус жүргізушісі:

-Өмір әлде өлесің деді.Қақпаны бұзып, түбіне дейін кір деді. Қақпаны  құлаттым да автобусты сөндірдім. Өзім  қорыққанымнан қашып кеттім.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде