{metadescription}
Ақтөбеде әскери бөлімге басып кірген террористер сарбаздармен 15 минут бойы атысқан
Ақтөбеде әскери бөлімге басып кірген террористер сарбаздармен 15 минут бойы атысқан

Ақтөбеде әскери бөлімге басып кірген террористер сарбаздармен 15 минут бойы атысқан

Ақтөбедегі қанды қырғын болған әскери бөлім сарбаздары да бүгін опат болған әріптестерін еске алды. Марқұмдар мемлекеттік наградаға ұсынылмақшы. Сондай-ақ, жараланғандары да елеусіз қалмайды деп отыр ұлттық Ұлан басшылығы. Зардап шеккен  сарбаздардың бірнешеуі қазір ауруханадан шығарылған. Бүгін әскери бөлім басшылары алғаш рет лаңкестердің қалай шабуылдағанын айтып, оқиға болған орынды көрсетті.

-Осыдан төрт күн бұрын автобусқа мінген содырлар дәл осы №6655 әскери бөлімінің қақпасын бұзып ішке кірген болатын. Қазір темір қақпаны қаңылтыр жабындымен ауыстырыпты. Онысы тым аласа. Әйтеуір сырты бүтінделгенімен оқиғаны еске түсірер арнайы тақта алыстан көрінеді.  Онда опат болған 6 әскеридің суреті қойылған. 

Әскери бөлімнің кіре берісіндегі оқ тиген қабылдау бөлмесінің шытынаған терезелері әлі сол күйі тұр. Содырлар дәл осы жерде кіші сержант Берік Қалиевты атып өлтірген. Одан соң қару сақтайтын қоймаға бара жатқанда штабтан шыққан майор Даниел Майлыбаев пен қатардағы жауынгер Досбол Сапарға оқ жаудырған. Олар жан тапсырған жерде қан іздері әлі жатыр.

Мұхаметқали Сәтов, Ұлттық Ұлан бас қолбасшысының орынбасары:

-17 содыр  қарумен кірді. Біздің сарбаздар мен  келісім-шартпен жүрген әскерилерді атқан. Сосын  «Аллаху акбар» деп бақырған.

Содырлардан қару сақтайтын қойманы қорғау кезінде 7 сарбаз жарақат алған. Қазір олардың 4-уі ауруханадан шығарылыпты. Солардың бірі Ғабит сол күнгі оқиғаны есіне алғысы келмейді.

-Жарақат барлық жерімде бар. Аяғымда.

Ажал аузынан қалған сарбаздардың ата-аналары ести сала осында жетіпті. Оқ өкпесін тесіп өткен Еламан Жанділдәның анасы ұлының беті бері қарағанына қуанып отыр.

Жәмила Құсанова, Қызылорда облысының тұрғыны:

-Ол ештеңе айта алмады. Аузында аппараттары болды. Әйтеуір шүкір аман-есен қалғанына қуанып отырмын. 6 баланың анасымен. Үлкені тұңғышым ғой.

Ал содырлар қолынан қаза тапқан әскерилерді еске алуға арналған шара  6655 бөлімінің мәжіліс залында өтті. Оған тек сондағы сарбаздар мен аймақ басшылары қатысты. Әскерилерді еске алуға келген жұрт бөлімнің алдына көптеп жиналды. Енді қаза тапқан марқұмдарды басшылары мемлекеттік наградаға ұсынбақшы. Жараланған сарбаздар да елеусіз қалмайды деп отыр олар. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде