{metadescription}
Терактіден қаза тапқандарға алғаш рет жарияланған аза тұту күнінде  күллі ел күңіренді
Терактіден қаза тапқандарға алғаш рет жарияланған аза тұту күнінде  күллі ел күңіренді

Терактіден қаза тапқандарға алғаш рет жарияланған аза тұту күнінде күллі ел күңіренді

Ақтөбедегі теракт күллі Қазақстанның қайғысы! Бүгін елімізде аза тұту күні жарияланып, жұрт лаңкестер қолынан қаза тапқан бейбіт тұрғындар мен әскерилерді жоқтап жатыр. Осыған орай шетелдегі елшіліктермен қатар барлық мемлекеттік мекемелердегі ту төмен түсіріліп, телеарнадағы ойын-сауық бағдарламалары, жарнама, концерт пен спорттық жарыстарға уақытша шектеу қойылды.

Түнгі он екіден Ақорда,Үкімет, Парламент сияқты барлық әкімшілік ғимараттардағы көк байрақ төмен түсірілді. Осылайша күллі ел, жантүршігерлік терактіден есеңгіреп қалған ақтөбеліктердің қайғысына ортақтасуда. Жалпы, тәуелсіздік алғалы Қазақстан  осымен  7-ші рет қара жамылып отыр. Халық бұған дейін Қарағанды облысындағы шахта жарылысы, Алматы мен Шымкенттегі ұшақ апаты, Қызылағаш пен Арқанкергендегі оқиғадан мерт болғандарды аза тұтқан. Бірақ, тарихта терактіден оққа ұшқандарға қаралы күн алғаш рет жарияланып отыр. Ал президент Ақтөбедегі қанды қырғынды лаңкестер шетелдегі идеологтарының нұсқауымен жасағанын мәлімдеген болатын. Сондай-ақ,Назарбаев қолына қару алып, кісі өлтіргендер өлім жазасына кесілуі қажет деді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде