«Бала дауысы» ұлттық ән байқауы Павлодарда
Елімізде тұңғыш рет ұйымдастырылып отырған «Бала дауысы» ұлттық ән байқауы бүгін Павлодарға да жетті. Қазылар алқасы әзірге 30 баланы іріктеп алды. Олардың арасындағы ең дарындысы Кереку өңірінің намысын республикалық байқауда қорғайтын болады. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған ауқымды жоба Әлия Назарбаеваның «Жандану әлемі» қорының бастамасымен жүзеге асырылып жатыр.
Автор: Әйгерім Шакаманова
10.06.2016
7 жасар Томирис бұл күнді асыға күткендердің бірі. Павлодарға әнші Толқын Забированың келетінін естіген жеткіншек оның репертуарындағы әндердің бірін арнайы дайындапты.
Томирис Қуаныш:
-Мен кішкентай кезімнен ән айтамын жұлдыз болғым келеді. Бүгін «Қамажай» деген әнді дайындадым. Өйткені бүгін бізде жюриде Толқын Забирова деген әнші бізде болады.
Керекуге жеткен тәлімгерлер жүзден аса жеткіншекті тыңдап, оның отызын екінші кезеңге өткізді. Қатысушылардың байқауға мықты дайындалғанын айтқан қазылар алқасының мүшелері ақтық сында осы өңірдің кішкентай өнерпаздары топ жаруы мүмкін деп отыр.
Толқын Забирова, әнші
-Өнердің нағыз шындығы осы кішкентай баладан басталады. Сондықтан да мен ойлаймын, осы Павлодар киелі жеріне келіп керемет, ерекше бір балаларды дарынды осындай бір атап өтетіндей, жұлдыз деген атқа лайық болатындай аттарды шығарамыз деп үміттенемін.
Эстрада жұлдыздарының алдына келген жеткіншектер қазақ, орыс және ағылшан тілдерінде ән шырқады. «Бала дауысының» жартылай финалына өткен әр балаға жасына сай жаңа ән жазылады деп күтілуде. Үздіктерге «Жандану әлемі» қоры атынан арнайы сыйлықтар да бар. Ендігі кезек Өскемен қаласында. Ал жобаның ақтық кезеңі күзге жоспарланған. КТК арнасының көрермендері 15 тамыздан байқаудың күнделігін тамашалуға мүмкіндік алады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!