{metadescription}
Алматыда жедел жәрдем жедел жету бойынша жарысты
Алматыда жедел жәрдем жедел жету бойынша жарысты

Алматыда жедел жәрдем жедел жету бойынша жарысты

Жедел жәрдем қызметкерлері жарыс алаңында! Алматыда ақ халаттылар арасында республикалық байқау өтті. Онда еліміздің әр қиырынан келген 9 жедел жәрдем бригадасының кәсіби шеберліктері сынға түсті.

Дәрігерлердің біліктілігін шетелдік шұғыл медициналық көмек көрсету саласындағы үздік мамандар бағалады. Қазылар Италия, Жапония, Корея сынды елдерден арнайы шақырылған. Ал дәрігерлер түрлі дене жарақаттары, анафилактикалық шок кезіндегі әрекеттерін көрсетті. Бұдан кейін, толғағы келген әйелді босандырудағы шеберліктерін ортаға салды. Жарысқа қатысып жатқан әр бригадада 4 адамнан бар. Олар жүргізуші, дәрігер, санитар және фельдшер. Қорытынды бойынша, Астанадан келген жедел жәрдем бригадасы топ жарды. Айта кетсек, ақ халаттылар арасында мұндай жарыс елімізде бірінші рет өткізіліп отыр.

Нериус Микеленус, қазылар алқасының мүшесі (Литва):

- Қазақстандық жедел жәрдем бригадалары Литвада өтетін жарыстарға жиі келіп, шеберліктерін көрсетеді. Бүгінгі қатысушылардың дайындығына ешқандай күмән келтірмеймін. Әрине, алғаш рет қатысып тұрған соң толқу бар. Бірақ берілген тапсырманы бәрі де жоғары деңгейде орындады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде