Францияда футболдан Еуропа чемпионаты басталды
Бүгін Францияда футболдан Еуропа чемпионаты басталады. Доп додасын тамашалу үшін әлемнің түпкір-түпкірінен келген жанкүйерлер Эйфел мұнарасының жанына жиналуда.
Автор: Диас Нұрақын
10.06.2016
Себебі мұнда алып экран орнатылып, барлық ойындар тікелей эфирде көрсетілмек. Ашық аспан астындағы фан-орталыққа бір мезетте 100 мыңнан астам жанкүйер сыяды екен. Қазір мұндағы қауіпсіздік шаралары күшейтіліп, полицейлер барлық адамды тексеріп кіргізуде. Себебі қараша айындағы лаңкестік әрекеттерден кейін елдегі жағдай жіті бақылауға алынған. Францияның 10 қаласында өтетін футбол мерекесін 90 мыңнан астам тәртіп сақшысы қадағалайды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!