{metadescription}
Павлодар облысында жалғызбасты ана бес баласымен далада қалды
Павлодар облысында жалғызбасты ана бес баласымен далада қалды

Павлодар облысында жалғызбасты ана бес баласымен далада қалды

Бірер күн бұрын болған өрттен баспаналары тұруға жарамсыз боп қалған. Өрт сөндірушілердің болжауынша, от электр желілерінің тұйықталуынан тұтануы мүмкін. Ал аудан басшылары отбасына дәл қазір берер баспанамыз жоқ дейді. Әзірге туыстарын паналаған жанұя жомарт жандардан көмек сұрап отыр.

Эльмира Жасыбаева күлге айналған үйіндінің арасынан сау қалған дүниелерін жинап жүр. Жалғызбасты әйел өмір бойы өз шаңырағының болуын армандапты. Бар жиған-тергеніне Шарбақты ауданынан мына үйді үш жыл бұрын сатып алған. Алайда отбасының қуанышы ұзаққа созылмады. Бес күн бұрын болған өрттен өздерінің аман қалғандарына шүкіршілік етіп отыр. 

Эльмира Жасыбаева, Шарбақты ауылының тұрғыны:

-Коридорда газым тұрды балон. Қанша уақыт екенін білмеймін газ жарылды. Тоңазытқыш, кір жуғыш машине, ыдыс-аяқ түгел-түгел жанып кетті.

Түн ортасында тұтанған қызыл жалын өрт сөндірушілер жеткенше үйді түгел шарпыған. Әйтеуір, құтқарушылардың бірі оттан құжаттарды алып шығуға үлгеріпті. Жалын электр желілерінің тұйықталуынан тұтанған деген болжам бар. Бұл оқиғадан балалар да шошып қалған.

Талшын Жасыбаева, қызы:

-Түнде ояндық, маманың айғайынан оянып кеттім. Коридорға шыққанда өрт бүкіл үйді алып жатты. Сосын баланы көтеріп алып, далаға шығып кеттік. Не болып жатқанын далада бір-ақ көрдік.

Көп балалы әйел күйеуімен ажырасып кеткен. Аудандағы құс фабрикасынан нанын тауып жүр. Бес баласымен далада қалған оған мұндағы атқамінерлерден де қайыр болмайын деп тұр.

Қанат Мүскенов, Шарбақты ауылының әкімі:

-  Дәл қазір беретін үйіміз жоқ. Жүзге жуық адам баспана кезегінде тұр. Ал өрттен зардап шеккен бұл отбасыға мемлекет тарапынан 63 мың теңге беріледі. Қазір демеушілерді іздеп, қосымша көмек беру жағын қарастырудамыз.

Есесіне ауыл жұрты мен еріктілер көмектерін аяп жатқан жоқ.

Баспанасыз қалған көп балалы ана әзірге туыстарын паналауда. Ал бүгін мұнда келіп жеткен павлодарлық энергетиктер күлге айналған аумақты өлшеумен айналысып жатыр. Компания өкілдері баспана қалпына келмеген жағдайда жаңа үй тұрғызып береміз деп сендірді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде