{metadescription}
Алматы тұрғындары Ораза кезінде ауыз сусыз қалды
Алматы тұрғындары Ораза кезінде ауыз сусыз қалды

Алматы тұрғындары Ораза кезінде ауыз сусыз қалды

Ақжар ауылы жұртының тіршілік нәріне жарымай келе жатқанына он жылдан асыпты. Тек қыста ғана суға қарық болатын олар мамыр айынан бастап жаз бойы қиналады. Биыл да аптап ыстықта ауыз бекіткен жұрт тағы сол тіршілік нәрінен тарыға бастаған. Ал жергілікті билік тек таудан аққан суды әр көшеге кезек-кезек беріп амалдауда.

-Үйде грамм су жоқ. Кішкентай балаларымыз бар, әкеміз бар 90-ға келген, мына кісі 93-те. Ораза ұстадым. Оразаны айтпай-ақ қояйық, тіпті кәдуілгі ауыз шаятын су жоқ, шынын айту керек.

Ақжарлықтардың жергілікті басшылыққа өкпелері қара қазандай. Өйткені нағыз керек кезінде судан тарықтырып қоятын әдеті баяғыдан бар екен. Бұл әдет биыл да қайталаныпты. Тұрғындар ақырында тіпті адам құсап жуынудан қалдық дейді.

Ұлар Тәжіметқызы, Алматы қаласының тұрғыны:

-2002-де келгем міне. Содан бері суға жарыған жоқпыз. Өз басым айма-ай төлеп тұрмын.

Мұнда қай үйге кірсеңіз де құбырлары қақсып тұр. Ал күнделікті шәй-тамағы үшін қара суды дүкеннен сатып алады. Жұрттың айтуынша, тіршілік нәрінің тапшылығына көлік жуу орындарының көптеп салынуы себеп екен. 

Шәпихан Жақыпова, Алматы қаласының тұрғыны:

- Көшеден-көшеден шығып, 40 мыңнан ақша жинадық. Содан трактор жалдадық, трубалар сатып алды, жұмысшы жалдадық, суды тартып көше-көшемізге әкелдік. Ағып, енді рахатын көріп едік, 3 жылдан кейін мына жоғары жақта автомойкалар пайда болды да бітті, біз жаздай су көрмейміз.

Тұрғындарды тапшылықтан құтқару үшін әкімдіктің ойлап тапқан ақылы суды әр көшеге кезек-кезек беріп отыру екен. Өйткені су ағатын құбырлардың бүкіл ауданды қамтуға шамасы жетпейді.

Арнұр Сейітқазиев, Наурызбай ауданы коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы:

- Бұл мәселенің шешімі тек қана жоспар бойынша жасалып жатқан жаңа жоба.  Сол проектілер бітіп, құрылыс жұмыстары басталған кезде ғана осы Наурызбай ауданын жүз пайыз сумен қамти аламыз.

Жаңа жоба бойынша, қазіргі 219 миллиметрлік су құбыры 500-дікке алмастырылуы тиіс. Соның арқасында су өткізу мүмкіндігі артып, ауданды түгел қамтуға жетеді екен. Бірақ ол жоба мақұлданып, іске қосылғанша кемінде екі жыл күтуге тура келеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде