Алматыда тегін жер алғысы келгендер алаяқтарға алданған
Тегін жер телімін алғысы келгендер алаяқтарға алдануда. Алматыда осындай 150 дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Барлығында да алаяқтар «10 сотық жер алып берем», «кезегіңді жылжытып берем» деп алдап, азаматтарды тақырға отырғызған.
Автор: Ербол Тұрымбет
10.06.2016
Тегін он сотық жер алуға болады деген қауесетті естіген жұрт өткен аптада өтініштерін арқалап, әкімдікке, Халыққа қызмет көрсету орталықтарына ағылған болатын. Қалалық жер қатынастары басқармасы қысқа мерзім ішінде 4 жарым мыңға жуық өтінішті қарап шыққан. Анықталғаны, өтініш берушілердің 45 пайызы өзге өңірлерден келгендер екен. Әрі басқарма өкілдері қала аумағында бос жатқан жердің жоқ екенін мәлімдеді. Алайда осының арасында халықтың сеніміне кіріп, жер алып берем деп алдаған алаяқтар да табылған.
Жандос Өмірәлиев, Алматы қаласы прокурорының орынбасары:
-Былтыр ғана 150 факті тіркеліп, қылмыстық істер қозғалған. Оның ішінде бас бостандығынан айырылған азаматтар да бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!