{metadescription}
0:000:00
Ақтөбедегі терактіден кейін пәтерге жиналып уағыз айтуға заңмен тыйым салынбақ

Ақтөбедегі терактіден кейін пәтерге жиналып уағыз айтуға заңмен тыйым салынбақ

Ақтөбедегі терактіден кейін Дін істері комитеті адам шошырлық статистиканы жариялады. Бүгін шенеуніктер алғаш рет елімізде 15 мың  адамның салафизм ағымында жүргенін айтты. Ал шын мәнінде олардың саны көп болуы мүмкін. Енді Дін комитеті пәтерге жиналып алып уағыз айтуға заңмен тыйым салмақ. Сонымен қатар имамдар ақтөбелік террористердің мүлдем мешітке келмегенін айтып отыр.

Ақтөбедегі қанды қырғын діни ахуалдың әлі де күрделі екенін анық байқатты. 2011 жылы Шұбаршидегі сойқаннан сабақ алмағанымызды имамдар да, шенеуніктерде мойындайды. Тіпті Дін істері комитеті елімізде 15 мыңға жуық адамның салафизмді ұстанатынын ашық айтып отыр. Бұған жат ағымның жетегінде кетіп, қазір түрмелерде жазасын өтеп жатқан 500 азаматты қосыңыз. Жасырып жауып келген жара қайта қозғанда билік күресті тағы күшейтпек.

Ғалым Шойкин, Дін істері комитетінің төрағасы:

-Көптеген жаңа ұсыныстар дайындалып жатыр. Дін істері  комитетінің тарапынан барлық пікірлер қаралып жатыр, зерттеліп жатыр. Бұл шешім қабылданатын болса, тағы да қандай шаралар қолдану керек, қандай қауіп-қатер болуы мүмкін. 

Әрине, дінінен адасқандар жалғыз Ақтөбеде емес. Бұл жерде албырт , сенгіш жастарды тура жолға сала алмаған имамдардың да қателігі бар. Енді кеш болса да, мүфтият 30 теологты елге жіберіп, насихатты қайта бастады. Бірақ, санасы әбден уланған жас жігіттерді райынан қайтару оңайға соқпай тұр.

Ораз Серікбай, ҚМДБ наиб-муфтиі:

-Ақтөбедегі терактіге қатысқан белсенділер толығымен мешітке бармайтындар. Біз оны қарадық, имамдардан сұрадық. Бір жыл бұрын келген, соңғы 6 айдан бері  келмей қойған. Мешіттің діни ұстанымымен келіспеген.

Дәстүрлі Әбу-Ханифа мәсхабын мойындамайтындар айналадан жасырын өмір сүріп, әке-шешесі мен туған бауырларынан алшақтап кетеді.

Түн қата үйге жиналып, уағыздарын насихаттап, қатарларына жаңадан адам тартады. Бұның жолын кесу үшін Дін істері комитеті бұдан-былай әкімдіктің рұқсатынсыз пәтерде діни әңгіме айтуға заңмен тыйым салмақ.

Серік қажы Ораз, ҚМДБ наиб-муфтиі:

-Біздің жамағаттың ішіндегі күнделікті намаз оқып жүргендердің   30 пайыздан астамы басқа ағымның өкілдері деуге болады. Олар имамдарға құрметпен қарайды.Уағызын тыңдағансып отырады. Бірақ, негізгі идеологиялық күшті, бағытты олар интернет арқылы басқа сырттағы шейхтар немесе теологтардан алады.

Жалпы, адасқандардың 90 пайызын араб елдеріндегі шейхтер қаржыландырады екен. Интернеттің де ықпалы күшті. Қазақстанның 80 мыңнан астам тұрғыны тұрақты түрде салафизмді насихаттайтын сайттан уағыз тыңдайтыны белгілі болды. Және де, биылдан бастап  университеттерде «дінтанушы-тарихшы» деген жаңа мамандық ашпақ. Болашақ теологтар мектептерде оқушыларды Исламның тек хақ жолына үйретуі тиіс.

Сонымен қатар Дін істері комитеті шетелде радикалды топтардың қатарында жүрген содырларды Қазақстанның азаматтығынан айыру туралы ұсыныс әзірлеп жатыр. Себебі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 200-ден астам Қазақстан азаматы Сирия мен Ирактағы соғысқа кетіп қалған. Сөйтіп, бөгде мемлекеттің геосаяси ойындарының құрбаны болып, жат жерде мерт болуда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.