{metadescription}
0:000:00
Астанада танымал жазушы Айгүл Жұбаныш кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді

Астанада танымал жазушы Айгүл Жұбаныш кітабының тұсаукесер рәсімін өткізді

Астанада елге танымал жазушы Айгүл Жұбаныштың еңбектері кітап боп басылып шықты. Ерекше туындының таныстырылымына  атақты әдебиет майталмандарымен қатар қарапайым оқырмандар да көп келді.

Айгүл Жұбаныш - проза жанрында қалам тербеп жүрген санаулы жастардың бірі. Алғашқы еңбегі «Жаңбыр жауса екен» деп аталады. Жаңбырды жанындай жақсы көретін жазушы табиғаттың тылсым күшін мейірімділікке теңейді. Әңгімелерінде жасандылық жоқ автор тұңғыш кітабында махаббаттан бастап, қоғамның көлеңкелі тұстарын, әсіресе, қазақ жастарының өмірін көркем сөз жауһарларымен әдемі суреттей біліпті. Түйткілдерін ашық көтерген. Тағы бір айта кетерлігі, прозашының қос пьесасын еліміздің бірнеше театрында сахналау жоспарда бар.

Айгүл Жұбаныш, жазушы:

-Барлығы басымнан кешкен әңгімелер деп айтуға болмайды. Өйткені бұның ішінде балалық шақ бар, қоғам бар, өмір бар, махаббат бар. Кәдімгі күнделікті  былайша айтқанда қазақтың өмірі, қазақ жастарының өмірі оның ішінде қазақ қыздарының өмірі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде