Алматыда ажырасқан ерлі-зайыптылар ұлдарын бөлісе алмай қырқысып жүр
Алматы тұрғыны өз баласын жасырын ұстап отыр! Ал оның бұрынғы әйелі 20 күннен бері 6 жастағы перзентін бір көруге зар болуда. Қазір баланың әкесінің қасында екені ғана белгілі. Бірақ етегі жасқа толған ана онсыз да аурушаң баланың жағдайына алаңдайды. Негізі, сот шешімі бойынша бүлдіршін аптаның 4 тәулігінде анасымен, қалған күндері әкесімен бірге болуы тиіс екен.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
13.06.2016
Анастасия Шестаеваның бауыр еті баласын көрмегеніне 20 күн. Перзентінің де, бұрынғы күйеуінің де қайда жүргені белгісіз. Тіпті олармен телефон арқылы сөйлесудің өзі қиямет-қайым. Қазір әйел онсыз да әлжуаз баласының жағдайына алаңдап отыр.
- Я просто хочу чтобы вернули доступ к моему сыну. Я как и все матери заслужила, положить его спать и сказать спокойной ночи, и книгу прочитать.
Балаға таласқандар екіге бөлінгеннен кейін-ақ Георгиймен уақытты теңдей өткізу үшін сот арқылы бейбіт келісімге келген екен. Яғни бүлдіршін арнайы кесте бойынша, аптаның 4 күнін анасымен, 3 күнін әкесімен өткізуге тиіс болған. Бірақ бұл шарт Анастасия баласымен 2 айға шет ел асып келгеннен кейін бұзылыпты. Әйел бұл сапарға бүлдіршінді әкесінің рұқсатымен алып барғанын айтады. Бірақ Дмитрий Чвыков ол келгеннен кейін баланы алып, ұшты-күйлі жоғалған.
Анастасия Шестаева, Георгийдің анасы:
– 28-і күні баламның әкесінен хабар алдым. Ол баланы көрмеген күндерімнің орнын толтырамын деп жазыпты. Яғни 11 апта бойы оны көремін деп ойлама деген. Мен бірден сотқа шағымдандым. Арамыздағы бейбіт келісім сақталуы керек қой. Бірақ қанша күн өтсе де, ешқандай көмек жоқ.
Ал Дмитрийдің өзі осындай әрекетке баруға мәжбүр болдым дейді. Яғни, сот бекіткен келісімді Анастасия сақтамаған. Баламен шет ел асуына да ешқандай келісім бермедім деп отыр.
Дмитрий Чвыков, Георгийдің әкесі:
- Анастасия баланы Қазақстаннан алып кетіп, Канада азаматы етпекші болған. Бірақ мен бұған келісім бермеймін. Қазір баланы мәжбүрлеп ұстап отырған жоқпын. Заң бойыша бала екеумізде теңдей болуы қажет. Ол анасын сұрап, жылаған емес.
Дмитрий телефон арқылы баланың жағдайы жақсы екенін жеткізді. Енді бүлдіршіннің кіммен қалатынын 3 күннен кейін болатын сот шешпек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары