Алматыда судан қағылған халық шу шығарды
Алматы іргесіндегі бүтін бір ауыл ауыз судан ажыратылды. Себебі таудан ағатын өзен сулары лайланып, ішуге жарамсыз болып қалған. Сондықтан Жаңатұрмыс жұрты бір аптадан бері тіршілік нәрінен тарығуда. Алайда ыстық күнде шөл қысқан жұрт кімнен көмек сұрарын білмей отыр. Өйткені бұл ауыл не қаланың, не облыстың құрамына өтпеген.
Автор: Диас Нұрақын
13.06.2016
5 мыңнан астам тұрғыны бар бұл ауылдың қазір қай әкімдікке бағынатыны белгісіз. Себебі маңайдағы елді-мекендер қала аумағына қосылып, жалғыз Жаңатұрмыс жырақтап қалған. Енді не қаланың, не облыстың құрамында жоқ. Сондықтан тұрғындар құжат жасау, анықтама алу кезінде көптеген кедергілерге тап болып жатырмыз дейді.
Мамед Кирманов, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны:
-Анықтама алу үшін Райымбек ауылдық аймағына барамыз. Ондағылар Қаскелеңге барыңдар деп жол сілтейді. Онда барсаң Таусамалына барыңдар дейді. Осылай сандалып жүргенімізге екі жылдан асты.
Осылайша ешкімге керексіз болып қалған ауыл енді ауыз судың азабын тартып отыр. Себебі бір аптадан бері мұнда тіршілік нәрі тоқтатылған. Аптап ыстықта аузы құрғаған жұрт енді суды тасып ішуге мәжбүр.
Бейсенбай Айтжанов, Жаңатұрмыс ауылының тұрғыны
-Азды-көпті беріп тұратын еді, соңғы бес күнде мүлдем су жоқ. Еш жер шешпейді.
Ыстық күнде шөлдеген жұртқа ауыз су арнайы көліктермен жеткізіліп жатыр екен. Алайда тұрғындар оның өзі 2-3 күнде бір келеді деп ашынып отыр.
Ал атқамінерлер ауыз су мәселесінің алдағы уақытта шешілетінін жеткізді. Айтуларынша, таудағы өзен сулары лайланып, ішуге жарамсыз болып қалған. Сондықтан халықты тіршілік нәрінен тарықтырмау үшін бар күшімізді салып жатырмыз дейді суға жауапты мамандар.
Бауыржан Айнабеков, «Таусамалы» МКК директоры:
-Суға лай құлап су тазаланып үлгермей жатыр. Соған байланысты судың көлемі аздау келіп жатыр. Бірақ ол бір аптаның ішінде шешілетін шығар деп болжам құрып жатырмыз. Соған қарамастан әкімдікке шығып, облыстан ақша сұрап тағы бір құбыр тартамызба деп екі күн бұрын бастадық.
Ал жергілікті шенеуніктер Жаңатұрмыс ауылының расымен де елеусіз қалғанын мойындап отыр. Бірақ екі ортада қалған тұрғындардың мәселесі таяу күндері шешіледі деп уәде берді әкімдер.
Гүлжанат Ентина, Райымбек ауылдық аймағы әкімінің орынбасары:
-Жаңатұрмыс Райымбек ауылдық округіне кіру мәселесі қарастырылуда. Қарасай ауданы мәслихатымен, аудан әкімімен облысқа хат жолданған. Соны күтіп отырмыз. Егер облыстан Жаңатұрмыс Райымбекке кірді деген жағдайда біз оны қарастырамыз.
Ең қызығы, ел-жұрт әлеуметтік төлемдер мен салықты дәл осы Райымбекке барып төлейді екен. Ал анықтама
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары