{metadescription}
Қарағандыда кәсіпкерлер мен шенеуніктер айқасып жатыр
Қарағандыда кәсіпкерлер мен шенеуніктер айқасып жатыр

Қарағандыда кәсіпкерлер мен шенеуніктер айқасып жатыр

Қарағанды билігі жыл басынан бері орталық саябақта қаптап кеткен жаздық дәмханалардың жұмысын тоқтата алмай жатыр. Тіпті бірнеше күннен бері оларды жарықтан да ажыратып тастаған. Себебі, саябақтың кешенді жоспарының өзгеруіне сәйкес ел демалатын орында кафелердің ешқайсысымен биылдыққа келісім-шарт жасалмапты. Алайда жыл басынан бері заңсыз жұмыс істеп жатқан кәсіпкерлер өліспей беріспеуге бел буып, сотқа арызданған.

Соңғы 3 жылдан бері орталық саябақ елдің тынығатын орны емес, құдды бір базарға айналған. Қаптап кеткен әткеншектер өз алдына, жағалай ашылған кафелерден шығатын түтінге шашалады жұрт. Бәсекелестер музыканы да бір-бірінен асырып қоюға тырысады. Ұсақ саудамен көлденеңдейтіндердің де қарасы қалың. Бірақ бұлардың бірінің де саябақта сауда жасауға рұқсаттары жоқ. 

Тайхан Қалмаханов, Қарағанды қаласы әкімінің орынбасары:

-2015 жылы кешенді тексеріс жүріп, сот саябақта дәмханалардың жұмысы заңсыз деген шешім шығарған. Сондықтан   жылдың басында кәсіпкерлердің ешқайсысымен келісім-шарт жасалмады. Саябақтан кету туралы ескерту айтылды.  

Бірақ ескертуді елеп жатқан ешкім жоқ. Кәсіпкерлердің айтуынша, қала билігі олармен келісім-шарт жасауға міндетті екен. Өйткені кафелерді тұрғызуға қыруар қаражат жұмсалған, кейбірі тіпті банктен несие алдық деп отыр. Сондықтан өздерінікін жөн санап сотқа да арызданған.

Асылбек Бекжігітов, кәсіпкер:

-Білуімше, сот процестері жүріп жатқан кезде олар бізге тиісе алмайды. Адвокат та жалдап қойдық. Өйткені осы жерге кафе тұрғызып, клиент жинау да оңай болған жоқ.

Саябақтағы зор пайдадан қол үзіп қалмауға тырысқандарды қаладағы өздерін Еуразиялық кәсіпкерлер қауымдастығы деп атап алған ұйым қолдап отыр. Кәсіпкерлердің қолтығына су бүркіген олар істері заңсыз екенін білсе де, күлтөбенің түбінде күнде кеңес құратын болған. Содан арқаланған пысықайлар демалыс орнына құмырсқаша қаптап, биліктің талаптарын пысқырмай жүр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде