Францияда орыс жанкүйерлерінің қатыгездігі көпшілікті шошытты
Футболдан Еуропа чемпионатына барған жанкүйерлер Францияның тас талқанын шығарып жатыр. Әсіресе, Марсель қаласында осымен төртінші күн жаппай тәртіпсіздік басылмай тұр. Әсіресе, ағылшындармен жаға жыртысқан орыс жанкүйерлерінің қатыгездігі көпшіліктің жағасын ұстатты.
Автор: Досжан Маратұлы
13.06.2016
Фанаттардың төбелесі екі құраманың ойыншылары кездесер алдында түнде басталған. Бір-біріне жұдырық ала жүгірген жанкүйерлер тіпті, жанғыш заттарға дейін лақтырып, Марсельдің астаң-кестеңін шығарды. Ал, мұндай жанжалдан футболшылар зардап шегуі мүмкін. Өйткені, төбелес тағы шықса, УЕФА тең түскен Англия мен Ресей құрамаларын чемпионаттан шеттететінін айтты. Десе де, бұдан тәртіпсіздіктің басылатын түрі жоқ. Тіпті, хорваттар мен түріктер, немістер мен украин жанкүйерлері де бір-бірімен жаға жыртысқан. Жараланғандардың жалпы саны 40-тан асады. Шу шығарған фанаттарды полицейлердің де тоқтатуға шамасы келмей жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!