{metadescription}
АҚШ-та  гей-клубта  болған атыстан   өлгендер саны 50-ге жетті
АҚШ-та  гей-клубта  болған атыстан   өлгендер саны 50-ге жетті

АҚШ-та гей-клубта болған атыстан өлгендер саны 50-ге жетті

Мұздай қаруланған жігіт полицияға да қарсы оқ жаудырып, ақыры мерт болған. Оның аты Омар Матин. АҚШ-тың 29 жастағы азаматы осыған дейін әлеуметтік желідегі жазбалары үшін бірнеше рет тексеріліпті. Бірақ тәртіп сақшылары сол күйі тергеуді бастамаған. Ал демалыс күнгі оқиға АҚШ-та адамдарды жаппай атып салу жағынан ең ауқымдысы болып отыр.

Мұздай қаруланған ер адам «Пульс» гей-клубының ішінде оңды-солды оқ атып, онадаған адамды жайратып салды. Полицияның хабарлауынша, шабуыл жасаған жігіттің қолында мылтық пен тапанша және белгісіз қару болыпты. Бұнымен тоқтамаған қаскөй аман қызтекелерді де кепілге алған.

Бірақ арнайы жасақты бұл тоқтата алған жоқ. Клуб ішіне баса-көктеп кірген полицейлер қаскөйді жер жастандырды. Тек бес қаруы сай лаңкес те қарап қалмай, бірнеше адамды атып үлгерген.  

Бадди Дайер, Орландо қаласының мэрі:

-Өкінішке қарай мерт болғандардың саны біз ойлағандай 20 емес, 50-ге жетті. Олардың қатарында оқ жаудырған жігіт те бар. Қазір 53 адам ауруханаға жатыр. Осы жайтқа орай мен штат губернаторына төтенше жағдай режимін енгізуді сұрадым.

Гей-клубқа қарулы шабуыл жасаған 29 жастағы Омар Матин есімді АҚШ азаматы екен. Оның ата-анасы мұнда Ауғанстаннан қоныс аударған. Қазір қаскөйдің үйінде тінту жүргізіліп, көршілерінен жауап алынуда. Ал АҚШ-тың федералдық тергеу бюросы Омар Матинді оның әлеуметтік желідегі жазбаларына қатысты бірнеше мәрте тексеріпті. Бірақ белгісіз себептерге байланысты тергеу басталмаған. Жазбада ол «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымын қолдайтынын ашық жазған екен. Ал Матинің бұрынғы жұбайы оның жүйкесі жұқарған деп отыр. Айтпақшы, Ситора Юсифи Өзбекстан азаматы.

Ситора Юсуфи:

-Бастапқыда ол отбасымызға қамқор болып, күліп-ойнап, көңіл көтеріп жүретін.Бірақ арада бірнеше ай өткен соң ашушаң болып кетті. Маған қол көтере бастаған соң өз қауіпсіздігімді ойлап, ажырастым.

Сондай-ақ, Юсуфидің айтуынша Матин полицей болуды армандапты. Тәртіп сақшыларының ортасында оның достары көп болып, бірге жаттығу жасаған көрінеді. Ал Орландодағы гей-клубқа жасалған шабуыл АҚШ тарихында адамдарды жаппай атып салу жағынан ең ауқымдысы болып отыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде