{metadescription}
0:000:00
Алматыда бюджеттің миллиондарына төселген жол қирап қалды

Алматыда бюджеттің миллиондарына төселген жол қирап қалды

Сұлусайдың жолы сол күйі қирап жатыр! Алматыны 10 шақырым жердегі осы ықшамауданмен жалғайтын асфальт бір ай бұрын опырылып қалған еді. 200 миллион теңгеге салынған тас жол айдан асса да көлік жүруге келмейтін қалпында әлі тұр. Бұзылған жолдан қорқып, жедел жәрдем де келмейтін болған. Ал жергілікті әкімдік оны тездетіп жөндеудің орнына қираған жолдың шығынын есептеп жатыр.

Алматыдан «Сұлусай» ықшамауданына баратын жолдың осылай жатқанына айдан асты. Бұл маңда көлік қозғалысы шектелгендіктен, шағынаудан тұрғындары қаламен қатынасын үзген. Тек ерінбегендері екі сағаттық жолды жаяу жүріп өтеді.

Шәрбану Илахунова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жаяу 2-3 келіден алып келеміз қалаға барып. Басқа не әкелеміз?! Жағдай жоқ. – Дүкендерде бізге керек нәрсе жоқ дұрысын айтқанда. Сүт жоқ, ет жоқ.

Жол жабылған соң мұнда жедел жәрдем де келуді қойыпты. Қалаға баратын айналма жолдарды меңгерген әккі жүргізушілерге қазір бүкіл тұрғындардың күні қараған.

Қаладан небәрі 10 шақырым жердегі Сұлусай ықшамауданында не емхана, не пошта бөлімшесі жоқ. Ұялы байланыс бар демесеңіз, мұнда тіпті интернет желісі де дұрыс жұмыс істемейді. Жол қатынасының үзілгенінен ауылдағы жалғыз дүкеннің де сөрелері босай бастаған. Ішінде не бар, не жоғын қазір өзіміз барып, көзбен көрейік. 

Бір қарағанда дүкен іші толы көрінеді. Бірақ өңкей тәттілер мен тұрмыстық заттар ғана. Сатушы да сауданың тұралай бастағанын айтады.

Альфия Медеуова, дүкен сатушысы:

-Бір апта бойы азық-түліксіз отырған кезіміз болды. Кеше ғана зат әкелдік. Бұл ары кетсе 4 күнге жетеді. Тәттілер ғана болмаса, көкөніс қалмады. Сүт те жоқ.

2014 жылы қала аумағына өткен Сұлусай ықшамауданына қала бюджетінен 200 миллион теңге бөлініп, былтыр асфальт салынған екен. Бірақ мамырдағы толассыз жауын еткен еңбекті еш етіп, қайтадан қыруар қаржы шығындауға мәжбүр етіпті.

Әдіс Сейдахметов, Медеу ауданы әкімінің орынбасары:

-Арнайы комиссия аталған аумақты тексеріп шықты. Қазір тиісті есеп-қисабы жасалуда. Жолды қайта қалпына келтіру үшін қомақты жұмыс күші қажет әрі ауқымды жұмыс атқарылуы керек. Сонымен бірге, автобус бағытын ұйымдастырып, медицина мекемесін ашуды жоспарлап отырмыз.

Бір айлық жауыннан бюджеттің миллиондары текке кеткен соң, әкімдік ендігі жолды мейлінше төзімді етіп салуды қарастырып отыр. Атқарылатын жұмыс көлемі мен қаражат мөлшерін есептей келе, күзге дейін жол салынады деген уәдесін берді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде