{metadescription}
0:000:00
Қарағандыда құпияны жария еткен алқа билер жазалануы мүмкін

Қарағандыда құпияны жария еткен алқа билер жазалануы мүмкін

Қарағандыда судьядан қысым көргенін айтып шағымданған алқа билердің өздері қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Өйткені сот процесінде ішкі дауыс беру құпиясын бұзды деп таратылған алқа билер бұл туралы ешкімге тіс жармауы керек екен.

Өткен аптада кәмелет жасына толмаған қызды зорлау дерегі бойынша алқа билердің қатысуымен қаралып жатқан іс мәресіне жетпей тоқатаған еді. Өйткені судья Қасымов күдіктіні кінәлі деп табыңдар деп алқа билерге қысым көрсеткен көрінеді. Бірақ олар бірауыздан қылмысы дәлелденбеген адамды ақтау туралы үкім шығарыпты. Сол-ақ екен, ереже бұзылдыға салып, алқа билер таратылған. Бірақ судьялар ереженің қалай бұзылғанын түсіндіруден бас тартып отыр. Тіпті әріптестерінің әрекетін тексеру былай тұрсын, тілшілерге арыз айтқан алқа билер жазаға тартылады деп салды.

Роза Нұрмұқанова, Қарағанды облыстық сотының судьясы:

-Алқа билердің айтқандарын дәлелдеудің қажеті жоқ. Судья ішкі ереже бұзылды деп тапты, болды. Оның шешіміне ешкім араласа алмайды. Ал осының бәрін жария еткендері үшін өздері әкімшілік және қылмыстық жазаға тартылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде