Ақтөбе облысында жігіттер әскерге бару үшін пара беріп келген
Ақтөбеде облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшысы парамен ұсталды. Ғалымжан Жантөрин біршама уақыттан бері қарамағындағылардан ақша бопсалап келген.
Автор: Жаңалық Ахаш
14.06.2016
Қазір департамент ғимаратында шыбынның ызыңы да естілемейді. Тек бақылау бөлімінде күзетші отыр. Қалған әскерилерді тергеушілер жауап алуға шақырыпты. Ал аймақтағы қорғаныс саласына жауапты басшы азаматтарды әскерден босату және медициналық комиссиядан кедергісіз өткізу, әскери-техникалық мектепке түсетіндерге қол ұшын беру үшін аудандағы бөлім жетекшілерінен жүйелі түрде пара алып отырған. Ғалымжан Жантөриннің осы күнге дейін қанша ақшаны қалтасына басқанын жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бюросындағылар ашып айтпады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!