Оралда шенеуніктің әйеліне екпе салып өлтіріп алған косметолог сотта жауап беруде
Оралда шенеуніктің әйелінің ұртына ботокс егемін деп бәлеге қалған мәскеулік косметологқа қатысты сот басталды. 2 жарым айдан бері тергеу абақтысында отырған Эльвира Юсуповаға әуелгіде «қызметін салғырт атқарды» деген айыпталған. Енді ол өзгеріп, қазір косметологке «медициналық немесе фармацевтикалық қызметпен заңсыз айналысты» деген кінә тағылды.
Автор: Жанар Низамутдинова
14.06.2016
Бүгінгі сот процесіне косметологтың туыстары Мәскеуден арнайы келіпті. Ал Эльвира Юсупованың өзі кінәсін мойындап отыр. Бірақ сән салонына ақша үшін емес, достарының көңілін қалдырмау үшін келгенін айтты. Еске салайық, Оралдағы «Звезда Востока» деп аталатын сән салонына Мәскеуден арнайы шақыртумен келген Эльвира Юсупованың екпесінен кейін Батыс Қазақстан облыстық Мемлекеттік кіріс департаменті басшысының әйелі тіл тартпай кеткен болатын. Болжам бойынша, 39 жастағы Айжан Жақанова анафилактикалық шоктан көз жұмған. Ал аты дауға іліккен сұлулық салонының иесі – марқұмның күйеуінің орынбасары Бауыржан Қайдаровтың әйелі.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!