{metadescription}
Алматы облысындағы тарихи Талхиз қалашығы талқандалуы мүмкін
Алматы облысындағы тарихи Талхиз қалашығы талқандалуы мүмкін

Алматы облысындағы тарихи Талхиз қалашығы талқандалуы мүмкін

11 ғасырлық тарихы бар ежелгі шаһардың үстінен автожол салынбақшы. Қазір ашық аспан астындағы мұражайда қазба жұмыстары жүріп жатыр. Археологтар әлем тарихының құнды мұрасы ретінде ЮНЕСКО-ның тізіміне әлдеқашан енген көне қала орнын бір ай бойы қазып, нысанның құндылығына қайта баға бермек. Ал тапсырмамен барған тарихшылардың қандай қорытынды шығаратыны жұмбақ болмаса керек. Егер олар Талхиздың орнынан қызықты ештеңе таппаса, құрылыс жұмыстары басталады.  

Ат шаптырым аумақты алып жатқан ежелгі Талхиз қалашығы құрдымға кетудің алдында тұр. Ұлы Жібек жолының бойында орналасқан көне қаланың үстінен жақын күндері жол салынбақшы. Яғни атқамінерлер Алматы мен «Ақбұлақ» спорт кешенінің арасын жалғайтын көлік дәлізін дәл осы жермен жүргізуді жоспарлапты. Осылайша қысқы Универсиадаға қызу дайындалған шенеуніктер құнды жәдігерлерді қиратып тастамақ. 

Жұман Смайылов, «Қазархеология» ЖШС директоры:

-Бір жағынан бұл дүниежүзілік ескерткіштер тізіміне түсіп тұрған ескерткіш. Екіншіден, біздің мемлекетіміздің дамуына, Универсиада өткізуге үлкен спорттық кешен бар «Ақбұлақ» деген. Соған туристерді, спортшыларды жеткізу қиын болып тұр. Бәрі біледі Талғардан автокөлікпен өтудің өте қиын екенін. 

Қазір ашық аспан астындағы ерекше ескерткіш аумағында қазба жұмыстары жүріп жатыр. Яғни «Қазархеология» мекемесіне бюджеттен 20 миллион теңге бөлініп, Талхиз қалашығының жол түсетін бөлігін зерттеу жүктеліпті. Егер жалдамалы археологтар қалашықтың құндылығы жоқ деп тапса, құрылыс қайта жанданады. Десе де қазірдің өзінде қат-қабат жер астынан қыш құмыра сынықтары мен өзге де жәдігерлер табылған. Бірақ бұл бұйымдар аяқтың астында шашылып жатыр.

Жұман Смайылов, «Қазархеология» ЖШС директоры

-Бізге шілденің ішінде «бітіріңдер» деп тұр. Өйткені қыста еліміз студенттер олимпиадасын өткізейін деп жатыр. Соған байланысты уақыт тығыз.

Ежелгі Талхиз қалашығы осыдан екі жыл бұрын ЮНЕСКО-ның мәдени мұралар тізіміне енгізілген екен. Сондықтан ол жерде қазба немесе құрылыс жұмыстарын жүргізуге мүлдем тиым салынады. Бірақ бұл тәртіпке бағынып жатқан ешкім жоқ.

Наталья Төреқұлова, Ескерткіштер мен көрікті жерлер жөніндегі халықаралық кеңесі ұлттық комитетінің президенті:

-ЮНЕСКО-ның тізімінге енген ескерткіш аумағында қандай да бір құрылыс жұмыстарын жүргізуге қатаң тиым салынады. Ол үшін Мәдениет министрлігінен бөлек бүкіләлемдік мұралар комитетінен рұқсат алу керек. Алайда жоба бойынша жол құрылысы дәл көне қалашықтың үстінен өтеді. Бұл ежелгі қалашықтың тас талқанын шығаруы мүмкін.

Ал атқамінерлер ЮНЕСКО-дан рұқсаты алған ба, жоқ па, белгісіз. Есесіне жол салуға құлшынғандар құрылысқа білек сыбана кірісіп кетіпті. 

11 ғасырлық тарихы бар Талхиз қаласын талқандау қазірден-ақ басталып кеткен. Яғни жол жасаушылар ешқандай зерттеу жүргізбестен Талғар өзенінің үстінен мынандай көпір салып тастаған. Демек мемлекеттің миллиондары шығындалған құрылысты аяқтау үшін ежелгі қаланы қиратуға тура келетін сияқты. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде