Ауыл шаруашылығы министрлігі киіктерді қайта санап жағасын ұстады
Браконьерлер ашкөздігін қоймаса, қазақ даласында бірде киік қалмауы мүмкін. Бүгін ауыл шаруашылығы министрлігі осылай деп дабыл қақты.
Автор: Сабина Мәдиқызы
14.06.2016
Қазір елімізде 300 мың ақбөкеннің небәрі 108 мыңы қалған. Киелі жануардың қас жауы ретінде шенеуніктер браконьерлерді атып отыр. Одан қалды бірнеше жылдан бері пастереллез дерті киіктерді қынадай қырып жатыр. Ауыл шаруашылығы министрлігі әсіресе, Бетпақдала, Үстіртте мекендейтін ақбөкендерді сақтап қалу үшін көрші Түркменістан, Өзбекстанмен келіссөз жүргізуде. Яғни, киікті мүйізіне бола қыратын қаскөйлермен бірігіп күреспек. Мәселен, қару асынып дала кезгендер бірнеше айдың ішінде жүздеген ақбөкенді жайратып салған.
Бақытбек Дүйсекеев, ҚР АШМ Жануарлар дүниесі және аңшылық шаруашылығы басқармасының басшысы:
-Бір ғана 33 факті бойынша 100-ден астам киік атылған. 1000-нан астам киік мүйізі тәркіленді, браконьерлерден.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!