Мәсімовтың тағы орынбасары пайда болды
Үкімет басшысының тағы бір орынбасары тағайындалды. Бүгіннен бастап Асқар Мырзахметов те вице-премьер. Ауыл шаруашылығы министрі Мәсімовтың орынбасары қызметін қоса атқармақ.
Автор: Жәудір Оразхан
14.06.2016
Жер реформасы жөніндегі комиссияның жұмысын да осы Мырзахметов басқарады. Ал, онсыз да шаруасы шаш етектен Бақытжан Сағынтаев жер дауына қатысты жауапкершіліктен мүлдем босатылған. Мырзахметов бұдан бөлек Үкіметтегі ауыл шаруашылығына қатысты бар мәселемен айналысады. Бір ай бұрын ғана Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған Асқар Мырзахметов, енді Есілдің оң жағалауындағы министрліктің ғимараты мен сол жағалаудағы Үкімет үйінің арасын тоздырмақ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!