{metadescription}
Ұлттық бірыңғай тестілеуден бір түлек  нөл бал алған
Ұлттық бірыңғай тестілеуден бір түлек  нөл бал алған

Ұлттық бірыңғай тестілеуден бір түлек нөл бал алған

Ұлттық бірыңғай тестілеуде бір түлек сауатсыздығымен ұстаздарын жерге қаратып, нөл бал алды! Оқушы сынақтың бір-екі сұрағына жауап беріп, алды-артына қарамай  аудиториядан  лезде шығып кетіпті.

ҰБТ-ның қортындысын жариялаған Білім министрлігі нөл бал алған түлектің кім, қай облыстан екенін ашып айтқан жоқ. Тестілеу кезінде оңтүстіктің оқушыларының да аты шықты. Мұнда шәкірттің орнына бөгде адам аудиторияға кірмек болған. Қазір бұл іспен жергілікті полиция айналысып жатыр. Оның үстіне елімізде «Алтын белгіге» үміттілердің тең жартысы білімдерін дәлелдей алмаған. Шпаргалка пайдаланған 38 түлек залдан шығарылып, нәтижелері жойылған. Ал, 50 балды жинай алмай, сынақтан сүрінгендер тамызда ақша төлеп қайта тест тапсырады.

Қали Әбдиев, Ұлттық тестілеу орталығының директоры:

-Тамыздың 1-і мен 8-і аралығында ғана жүргізіледі. Әзірге өтініш жоқ. Бірақ шілде айында болатын кешенді тестілеу өтеді. Оған межелік балды ала алмай қалған 50-60 мың түлек қатысады деп жобалап отырмыз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде