{metadescription}
Атырауда басшыларына жақпай қалған жүргізушілер жұмысқа шығудан бас тартты
Атырауда басшыларына жақпай қалған жүргізушілер жұмысқа шығудан бас тартты

Атырауда басшыларына жақпай қалған жүргізушілер жұмысқа шығудан бас тартты

Атырауда басшыларымен келіспеген бірнеше бағыттағы қоғамдық көлік жүргізушілері бүгін автобустарын қаңтарып қойып, жұмысқа шығудан бас тартты. Айтуларынша, басшылық адам қатарына қоспай, алалайды. Яғни, көңілдеріне жақпағандарды жолға шығармай қан қақсатып, ал өз адамдарын кезексіз жібереді екен. Рұқсат алу үшін таңғы сағат 3-тен кезекке тұрамыз деген жүргізушілер тіпті апталап жұмыстан шеттетілгендеріне наразы.

Бүгін қала іші мен алыс-жақын елді мекендерге қатынайтын бірнеше бағыттағы қоғамдық көлік жолға шыққан жоқ. Салдарынан көпшілік діттеген жеріне жетпей діңкеледі. Ал жұмысты ысырып қойып, шу шығарған жүргізушілер осылар. Айтуынша, «Айс Транс Холдинг» компаниясының басшылығынан қысып көріп отыр.

Айнагүл Бегалиева, жеке кәсіпкер:

-Бізге дұрыс бригадир келсін! Уақытымен, алаламайтын, жұмысты дұрыс қарайтын. Мен де осы «2020» бағдарламасымен алып отырмын осы маршрутты. Ешқандай да қысым көрсетпесін, біз жекеміз, қайда жұмсап жатыр, тауға да, тасқа да жұмсап жатыр.

Нұржан Қозыбақов, автобус жүргізушісі:

-Бригадирымыз новыйдан келген Бейбітгүлге қарсымыз, сен мұрынбоқ бала маған не істей аласың, мен сен баланың артыңнан қалмаймын, ендігі ісім сенімен болсын деп айтты. Айтса айтқандай, менімен болып жүр ісі.

Жүргізушілердің шу шығарып жатқанын естіген компания басшысы да лезде жетті. Сөзіне сенсек, ұжымдағы даудан бейхабар. Бірақ, түйткілді бүгіннен қалдырмай шешеміз деп отыр.

Мақсот Сүйінов, «Айс Транс Холдинг» ЖШС директоры:

-Қазыр айтып отыр ғой, бізге келген адамдардың вопростарын біз шешеміз, міне күні бүгін қазыр жиналды, айтты,қаралады, шешеміз.

Жүргізушілер жағдайларын айтып, құзырлы орындарға да арыз жазған. Прокуратура сотқа сілтеп құтылыпты. Ал әкімдік компанияның ішкі ісіне араласа алмайды екен. Десе де, енді қаланың қоғамдық көлігіне жауапты компания басшылығына ескерту жасаймыз деп сендірді. Оған құлақ аспаса, тіпті фирманы жұмыстан шеттетпек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде