{metadescription}
0:000:00
Оңтүстік Қазақстанда дүлей дауыл соғып жұртты шығынға батырды

Оңтүстік Қазақстанда дүлей дауыл соғып жұртты шығынға батырды

Оңтүстік Қазақстанда соққан дүлей дауыл 3 бірдей ауданды шығынға батырды! Табиғаттың тосын мінезінен жеке үйлер мен бірқатар әлеуметтік нысандардың шатыры қирап, бағаналар да құлады. Әсіресе, Отырар ауданына келген шығын шаш етектен. Мұнда 650 үй мен 18 мектеп, балабақша сынды нысандарға зақым келді. Тіпті үйінің төбесі опырылып, далада қалған отбасылар бар.

Ержан Жарқынбеков, тұрғын:

-Шиферлер ұшып кетті ғой. Түсінбей қалдық, аяқ астынан болғаннан кейін. Әйнектің бәрі сықырлап сынып... Содан бала-шағаны алып қаштым осы жерден.

Дауылдан кейін ондаған үй жарамсыз боп қалды. Дүние-мүліктері де лай судың астында қалған. 2 сағат тұрған жел 14 елді мекенге айтарлықтай зақым келтірді. Тұрғындар таңертеңнен бері қора-қопсылары мен үйлерінің төбесін өз күштерімен жауып жатыр. Ал апат болған жерде таңертеңнен жүрген шенеуніктер шығын көлемін есептеуде. Әзірше қираған шатырлар кленкамен жабылып жатыр. Өйткені жауын әлі тоқтар емес. Бұл ауданда кешеден бері электр жарығы да жоқ. Атқамінерлер оны ертеңге дейін қалпына келтіреміз деп уәде етті. Әбігерге түскен жұртқа басу айтқан шенеуніктер қазір көмекке демеушілерді де тартып жатыр.

Ерлан Айтаханов, Отырар ауданының әкімі:

- Біздің елдің азаматтарына да рахмет. Мысалға,біреуі шифер, біреуі құрылыс материалын тегін беріп жатыр.  Мынау уақытша үйін қалпына келтіргенше жай беріп жатыр. Сондай жұмыстар жүріп жатыр. Біздің негізгі мақсат - осы мәселені қысқа уақытта шешу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде