Астанада той ұйымдастырушылардың төбелесіне не себеп болғаны айтылды
Астанада атыс! Бір топ жігіт бір-біріне оқ жаудырып, тіпті гранатаға дейін лақтырған. Сөйтсе, жанжал шығарып жүргендер той ұйымдастыру орталығының қызметкерлері екен. Жұртты шошытқан оқиға Елорданың қақ ортасында болды.
Автор: Досжан Маратұлы
15.06.2016
Лимузин жалға беруші мен той түсіретін оператор көшеде араздасып қалып, екеуі де көмекке достарын шақырып төбелес шығарған. Кейін тапаншадан оқ атылып, жігіттердің бірі жаттығу гранатасын лақтырыпты. Анықталғандай, жанжал көзілдіріктен шыққан. Яғни, жігіттердің бірі танысынан қымбат көзілдірікті алып қайтармай қойған екен. 28 бен 32 жастағы азаматтар оқиға орнында қамауға алынып, «бұзақылық» бабымен іс қозғалды. Енді олар ірі айыппұл төлеп немесе 7 жылға дейін сотталуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!